0 дауыс
1.0k көрілді
1.Youtube ге ең көп видео салғанадам?
2.Youtube тағы ең көп қаралған видео
3Youtube туралы мәлімет?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
[Толық ақпарат!!!][1]
[PSY - GANGNAM STYLE (강남스타일) M/V - 1033697372-рет көрілген видео][2]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/YouTube
  [2]:
0 дауыс
гуглдатсайш хахахахахахахахахаххха
0 дауыс

Міне осы видео оппа гангам стайл 

0 дауыс

Мынау мәлімет:

ouTube ([ˈjuːtuːb] — ютуб) — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет.[1] Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар.[2] You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблоктар ұсынылады.[3]

Мазмұны

  [жасыру] 

1 Компания тарихы
2 Контенттің таралуы және қарау
3 Авторлық құқық
4 Қызметке қойылған наразылықтар
5 Қызмет-баламалары
6 Дереккөздер

Компания тарихы[өңдеу]

Бұл жобаның негізі 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының бұрынғы үш жұмысшыларымен салынған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды.[4] Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды.[5]

Чад Херли — негізін салушылардың бірі — Forbesжурналының мұқаба бетінде, 2006 жыл қазан айы

2006 жылдың қараша айында You Tube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. You Tube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. Google өкілдері бұны жаппай, оны барлық бейнехостингтік сайттар бойынша бейнелерді іздеу орны ретінде қолданбақ. Қазіргі уақытта Google Video іздеуіне You Tube те кіреді.[6]

You Tube-те ең алғаш бейне 2005 жылдың 23 сәуірінде орналастырылды: 

 
.

2008 жылдың ақпан айында Пәкістанның өкімет билеушілері Исламға қарсы мәліметтерді орналастыру себептеріне байланысты бұл сайтқа рұқсатты алып тастады.[7]

Контенттің таралуы және қарау[өңдеу]

You Tube бейнематериалдарды келесі әдіс арқылы таратады:

You Tube.com сайтында: Қолданушылар бейнені бірнеше таралған форматтарда, яғни .mpeg және .avi-да, енгізе алады. You Tube оларды автоматты түрде Flash Video (flv) – да H.263 кодекімен түрлендіріп, оларды онлайнда көруге рұқсатты етеді. Flash Video, оның әртүрлі платформаларда үйлесімді және рұқсатты болуының арқасында, танымал формат болып табылады.[8]
You Tube.com шегінен тыс: әрбір бейне басқа уеб-парақтарда бейнені қоюға арналған дайын HTML-белгімен қосақтала жүреді. Көшіріп – қою қарапайым техникасы бейнені, сонымен қатар кейбір медиа-ресурстарды You Tube арқылы таратуды блоггерлер және әлеуметтік желілер қолданушыларының арасында өте танымал етті, өйткені бейнеге сілтеме кез-келген веб-парақтардың HTML-кодымен ендірілуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті кейбір автоматты және жартылай автоматты сервистер қолданады, мысалы VideoRonk бір парақта ең танымал 5 бейнені You Tube арқылы ұсынған.[9]
Бейнені көшіріп алу: You Tube арқылы бенені оффлайнда көру үшін көшіріп алудың бұрынғы тәсілдерінен басқа әдісі (“kiss” сөзін бейненің сілтемесіне қосу, мысалы www.kissyoutube.com/example), бұл бірқатар басқа қосымшаларды (мысалы, SaveTube) және браузер үшін кеңейтулер (мысалы, Firefox үшін UnPlug және VideoDownloader) жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар You Tube-тен бейнені көшіре алатын бірнеше арнайы сайттар бар.[10]

Жойылған деп белгіленген бейненің физикалық түрде жойылуы міндетті емес. Арнайы қосымшалардың көмегімен, атап айтқанда Deleted YouTube Video Viewer секілді, бұл файлдарды көруге болады.[11]

Авторлық құқық[өңдеу]

YouTube ережесі бұл сайтқа құрамы бойынша авторлық құқыққа қатысты АҚШ заңымен тыйым салынған бейнелерді ендіруге тыйым салады. Көпшілік жағдайда компания қызметкерлері ұрланған (пиратский) контенттерді өшіріп тастайды. Алайда бұған қарамастан, сервиске авторлық құқықпен қорғалған көптеген бейнелерді ендіру тоқтар емес. Компания қызметкерлері бұған құқық иелерінен не сервис қолданушыларынан шағым түскеннен кейін ғана назар аударады. Бірақ кейбір жағдайда қолданушылардың шағымы заңды бейнетүсірілімдердің қарақшылықпен алыңған деп белгіленуіне де әкеп соғады.[12]

2006 жылдың жазында тележурналист Роберт Тур компанияға қарсы алғаш рет авторлық құқықты бұзғаны туралы және бірнеше жаңа бейнетаспаларды құқық иелерінің рұқсатынсыз еркін жария етуіне қатысты арыз берді.[13]

2006 жыл 5 қазанда JASRAC Жапон ассоциацияның құқық иелерінің наразылықтары қанағаттандырылды, яғни сервистен 29549 бейнетаспалар мен әйгілі жапон әртістерінің қойған қойылымдары өшірілді.[14]

2006 жыл 9 қазанда YouTube-пен CBS және Universal Media Group келісім шартқа қол қойды, ол келісімшартқа сәйкес олар бейнені сервис арқылы тарата алады. Сонымен қатар олар авторлық құқықпен қорғалған контентті іздеу және өшіру үшін жаңа технологияны қолданатындықтарын жария етті.[15]

2006 жыл 12 қазанда YouTube лицензионды бейнетаспалардың немесе басқа да контенттердің төмен сапалы көшірмесін анықтай алатын бағдарламалық құралдарды қолдану мүмкіндігі жөнінде келісімшартты қабылдағанын жариялады. Бұдан кейін сервис автоматты түрде мұндай бенені өшіріп тастай алады.[16]

Қызметке қойылған наразылықтар[өңдеу]

2006 жыл 1 маусым кешкі сағат 6:30-дағы мәлімдемеде ITV News британ агенттігі YouTube және соған ұқсас сайттар жасөспірімдердің арасында зорлық – зомбылық және өшпенділікті насихаттайтындығы жөнінде, яғни ұялы телефондардың камерасына әуелі төбелестерді түсіріп, одан кейін ол бенені сервиске жіберетіндігі жөнінде жариялады.[17] YouTube сайтында “шектен тыс қатігез бейнелерді хабарлау” деген функция бар, бірақ қатігез бейнетүсірілімдерді өшіру үшін журналистердің біршама уақыт жұмсауға мәжбүр болды.

2006 жыл 5 қазанда New York Times қызметке ендірілген антиамерикандық бейне туралы хабарлады.[18]

YouTube-тің кенеттен шарықтауы америкалық компания Universal Tube and Rollerform Equipment Corp. үшін қиындықтар туғызды, себебі оның http://www.utube.com

 
 сайтына кіру қызметтің домендік атын теруде қателесіп кететін қолданушылардың көптігінен жиі қиындықтарға әкеп соғады.[19]

2006 жылдың қараша айының басында YouTube-ке қарсы Universal Tube арыз түсірді.[20]

Қызмет-баламалары[өңдеу]

“Видеошериң”, “видеоблоггиң” түсініктері пайда болғаннан бастап (шамамен 2003 жылдан бастап) YouTube-тен бұрын да, кейін де айтарлықтай көптеген жобалар туындады.[21] Кейбір жобалар YouTube интерфейсін дәлме-дәл көшіріп алды десе де болады (Revver алғашқы пайда болу кезінде, Clipshack).[22] Осы бағыттағы сайттардың барлығы дерлік бейнені тарату қызметінің бір құрылымын қолданады, олар бір-бірінен тек бизнес-үлгілері (жарнамаларды қолдану, қызметтің тегін не ақылы болуы), кейбір техникалық егжей-тегжейі және айқындамалары бойынша ерекшеленеді.[23]

...