+1 дауыс
2.3k көрілді
шпагатқа отырып үйрену үшін қанша уақыт кетеді? және қандай жаттығулар жасау керек?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
ассаламуалейкум! мен өз басым Ринатқа келліспеймін! Бұл жерде уақыттын ешқандай маңыздылығы жооұ! ең бастысы шын жүректен шыұұан сенім мен ниетте! Егер шпагатқа отырамын деп шынайы ниетпен күнделікті жаттығу шасасан,(аяққа растяшка) и қиындықтарын жеңе білсең аз уақыттың ішінде шпогатқа оп-оңай отырып кететініңе сенем! тек қана шыдамдылық таныту керек! сәттілік!(y)
0 дауыс
өте коп,оған физически дайын болу керек,растяжка мықты болу керек
0 дауыс
Мен осы жазда стадионға барып жүгіретін кезде отырып үйреніп едім. Ол үшін жүгіріп болғаннан кейін аяққа арналған түрлі жаттығулар жасадым. Басында қиын болды, ең бастысы  жаттығу
бастысы ерінбей тер төгу қажет дейсіз ғой.
Ия, дұрыс айтасыз. Тек шпагатты емес басқа да жаттығуларды үйреніп алу, оны кунделікті қайталап, сымбатымызды сақтап жүру бәрі өз қолымызда!
0 дауыс
Біраз тер төгуге тура келері анық. Әйтседе сізге жеңіл атлетика немес биге баруға кеңес беремін.
0 дауыс
Әлбетте, бір реттен шпагатқа отыру мүмкін емес. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін біраз уақыт пен дененің дайындығы қажет.

№ 1. Барлық жаттығуларды бастамас бұрын денені қыздырып алу керек. Дене босаңсып тұру үшін жаттығу алдында жылы ванна не душ қабылдап алуға болады. Ваннадан кейін бұлшық еттер жақсы созылады.

№ 2. Шпагатқа отыруды үйретуге ықпал ететін жаттығулардың бірі – аяқтарды сермеу. Тұрыңыз да, бар салмақты бір аяғыңызға салып, екіншісін барынша биіктікке сермеңіз. Аяқтарыңызды кезек-кезек сермеп, әр сермеген сайын иықтан жоғарырақ көтеруге тырысыңыз. Арқаңыз тік, тізеңізді бүкпеуге тырысыңыз.

№3. Екінші ұтымды жаттығу біраз қиындау. Бір аяғыңызды беліңізге келетін бір құрылғыға қойыңыз да қолыңыз еденге жететіндей еңкейіңіз. Кейін басқа аяғыңызбен де солай істеңіз. Бір реттен шықпауы мүмкін. Егер аяқтарыңыз қатты ауырса, жаттығуды келесі ретке қалдырыңыз. Ең бастысы – жиі жасап тұрыңыз, бұлшық еттеріңіз осы жүктемеге үйренуі керек.

№ 4. Және соңғы жаттығу, әдетте шпагатқа отыруды осыдан бастайды. Көлденең немесе бойлай шпагатқа барынша төменірек отыруға тырысыңыз. Әр отырған сайын төменірек түсіңіз. Жаттығуды аяғыңыз қатты ауырып кеткенде ғана доғару керек, әйтпесе жарақат алып қалу қаупі бар.

№5. Мұндай жаттығулар топтамасын аптасына 3-4 рет жарты сағаттай жасап тұру керек. Тұрақты түрде машықтанудың нәтижесі 2 аптадан кейін-ақ көріне бастайды.

егер аяғыңызды қайырып алсаңыз;
жамбас сүйектерінің немесе аяқтардың жарақатында;
омыртқа ауруларында;
гипертония кезінде бұл жаттығуларды орындауға БОЛМАЙДЫ!

https://surak.baribar.kz/340614/
...