Қырық парыздың мағыналарын түсініп, жіктеп-жіктеп білу, әрбір мұсылманның парызы. Сондықтан да жақсылап жатқа білген дұрыс болады екен. Олар: Қырық парыздың 5-і Исламда, 7-і Иманда, 12-і Намазда, 3-і Ғұсылда, 4-і Дәрет алуда, 4-і Тайяммүмде, 2-і Әмір Мағруф Нәхи Мүңкерде, 2-і Хайыз Нифаста, 1-і Білім іздеуде екен.
Олар төмендегілер:
5-і Исламда:
1. Иман- Алланың бір екеніне, Мұхаммед Пайғамбар оның әрі елшісі және құлы екеніне сену.
2. Намаз – Күнделікті бес уақыт намазды өз уақытында орындау.
3. Ораза – Қасиетті Рамазан айында ораза тұту.
4. Зекет- Мал-дүниесінің кірін шығарып тұру.
5. Қажылық – Шамасы жеткен қажыға бару.
7-і Иманда:
1. Алланың барлығына, бірлігіне сену.
2. Періштелерге сену.
3. Бүкіл пайғамбардың барлығына сену.
4. Құран кітаптарға сену.
5. Ахырет күні болатынына сену.
6. Жақсылық пен жамандық Алладан деп сену.
7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.
Намаздағы 12-парыздың 6-ішінде, 6-сыртында болады:
Намаз сыртындағы алтауы:
1. Дәретсіздіктен тазарту.
2. Нәжістен пәк болу.
3. Әурет жабу, яғни кіндіктен тізеге дейін, Ал, әйелдер әуреті-беті, екі қолы, екі аяғы.
4. Уақытын білу.
5. Құбыланы білу.
6. Оқитын намазға ниет ету.
Намаз ішіндегі алтауы:
1. Алғашқы құлақ қағу тәкбірі.
2. Тік тұру.
3. Құран оқу.
4. Рукуғ қылу, еңкею.
5. Сәждеге бас қою.
6. Соңғы отырыс.
Ғұсылдағы үш парыз:
1. Әуелі ауызға су алып, үш рет шаю.
2. Мұрынға су жіберіп, үш рет шаю.
3. Барлық дене, мүшеге иненің ұшындай ашық жер қалдырмай, су тигізіп жуу (үш рет жуу-сүннет амал).
Дәреттегі төрт парыз:
1. Бетті иекке дейін жуу.
2. Қолды шынтақпен қоса жуу.
3. Басты сулы қолмен сипау.
4. Аяқты тобықпен қоса жуу.
Тайяммүмдағы төрт парыз:
1. Ниет ету.
2. Таза жер жынысын табу.
3. Екі алақанды жерге ұрып, бетті сипау.
4. Тағы да ұрып, қолды шынтақпен қоса сипау.
Әмір Мағруф Нәхи Мүңкердегі екі парыз:
1. Адамдарды тура жолға салу.
2. Күнә қисық жолдан қайтару.
Хайыз Нифастағы екі парыз:
1. Хайыз- әйел кісіде айына келетін қан.
2. Нифас – әйел кісі босанғаннан 40 күн бойы келетін қан.
Білім- ғылым іздеудегі бір парыз:
1. Білім – іздеу парыз. Сүйікті Пайғамбарымыз (С.А.У.): «Ілімді Қытайда болса да үйрен және ілімді бесіктен қабырстанға дейін үйрен»,- деген екен. Ал енді біз қышқаша ғана баян еткен бұл кітапта мұсылмандардың ең негізгі құралы болып саналатын намаз жөнінде болды. Осы намазбен біз ұлы Жаратушы Алланың алдында жүздесеміз. Ол бізді көреді, мұның өзі пенде үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, намазды риясыз оқуды нәсіп етіп, оқыған намазымызды қабыл етсін!