0 дауыс
28.6k көрілді
Ең алғаш ұялы телефонды кім ойлап тапқан?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
«Википедия еркiн энциклопедиясы» сайтының мәлiметi бойынша, ұялы байланыс құралын жасау туралы алғашқы идеяны 1947 жылы америкалық Bell Laboratories корпорациясы жарыққа шығарды. Осыдан тура 10 жыл өткенде ұялы телефонның тәжiрибелiк үлгiсi Кеңес одағында жасалды. Газтурбиналық станцияға қосылған салмағы үш келi болатын ЛК-1 телефонын ойлап тапқан - Л.И. Куприянович. 1966 жылы алты-ақ абонентке арналған РАТ-0,5 және АТРТ-0,5 атты шағын ұялы байланыс құралдары Бұлғарияда пайда болды. Бiз қолданып жүрген қазiргi модельдердiң алғашқы прототипi DynaTAC1973 жылы АҚШ-та шығарылды. Motorola компаниясының қызметкерi Мартин Купер өзiнiң AT&T кәсiпорнындағы бәсекелесiне қоңырау шалып, байланысты тексердi. DynaTAC телефонының салмағы 1,15 келi, ұзындығы мен енi – 22,5х12,5 см. Оның алдыңғы панелiнде 12 перне орналастырылған. 1990 жылдан бастап, әлемде ұялы телефон өндiрiсi сандық жүйеге көшiрiлдi. Содан берi нарықтағы көптеген бәсекелес корпорациялар байланыс құралын заманға сай жетiлдiрумен ұдайы айналысып келедi.
[Мақала мына жерден жүктелді!][1]


  [1]: http://www.softzone.kz/info/1345-rrtrsts-trrsr-srrrsrrs-trsrr-ryirrrr-rrrrs.html
0 дауыс
Ойлап тапқан американдық Александр Грехем Белл деген адам.
0 дауыс
Ұялы телефондарды кай жерде шыгарган

Ұқсас сұрақтар

...