0 дауыс
Қалқаман Мамыр шығарма керек
19.12.2012 16.3k қаралым

4 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
“Қалқаман-Мамыр” - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхар жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодальді-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. “Қалқаман-Мамыр” дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. “Қалқаман-Мамырдың” түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы.
08.01.2013
0 дауыс
Men bilmeimin magan da sol shigarma kerek edi
16.01.2016
0 дауыс
Егерде мен Қалқаман болсам деген тақырыпқа шығарма жазып бересыздерма
19.12.2016
0 дауыс
Жоспармен шығарма барма??
28.12.2016
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы