+1 дауыс
586 көрілді
H 777 NNM деген номері жайында білейін деп едім...

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
H 777 NNM деген нөмірді ала алмайсың он жерден ақшаң болса да. Себебі, 777 (111, 222, ... ,999), 001 (001-009), 700 (100,200, ..., 900) сияқты әдемі нөмірлер 2008 жылдан бері шығарылмайды. Ал NNM деген серия (Жамбыл облысы бойыншаны айтып отырм) тек 2011-2012де шыққан болатын. Бүкіл Қазақстан бойынша қандай сериялар қай уақытта шығарылғаны жөнінде мәліметтерді білгің келсе, мына жерден көруіңе болады: http://avto-nomer.ru/newforum/index.php/topic/6000/ (сайт орысша). Ал жалпы, МАИ-да танысың болса, A 777 NNM, B 777 NNM, X 777 NNM, D 777 NNM, F 777 NNM, M 777 NNM, P 777 NNM, S 777 NNM, деген нөмірлерді алуға болатын еді. ЕДІ деп бекер айтып тұрғам жоқ. Себебі, желтоқсан айынан бастап, Қазақстанның кейбір аймақтарында жаңа үлгідегі нөмірлер шығарыла бастады. Ол нөмірлерде бұрынғы әріптік кодтың орнына сандық код енгізілген. Осы код жүйесі бойынша, Жамбыл облысының коды 08. Осы нөмірлер енгізілгеннен кейін, ескі үлгідегі нөмірлерді МАИ бермейді. Тағы да түсініксіз боп жатса, толық жауап беруге дайынмын
+1 дауыс
Сондай-ақ, машина нөмірлерінің суреттері бар галереяны мына жерден көре аласыз: http://kz.avto-nomer.ru/kz/
Ішінде "іздеу" функциясы бар
...