0 дауыс
4.2k көрілді
Бала кезіңізде кім болсам деп армандадыңыз? Ал қазір кім болып қызмет етесіз? Қызметіңізге көңіліңіз тола ма? (18 жастан асқандарға)

14 жауап

+1 дауыс
Бала күнімде әскери оқуға түсіп әскери адам болам деп армандаған едім. Арманымды әкем аяқ асты етті. Арманым быт-шыт болды. Кейін лицейге оқуға түсіп Пісіруші (орысша жазғанда сварщик) мамандығын игердім. Оқу бітіргесін мамандығым бойынша жұмыс табылғанымен, тәжірибемнің жоқтығынан жұмысқа алмады. Ал қазір Атыраудағы ең беделді деген Цехтардың бірінде жұмысшы болып жұмыстамын.
Әрине. Жағдайыңды түсінемін. Бәрімізде де басымыздан өте шыққан жағдай. Ең бастысы наныңды тауып жесең болғаны. Жанұяңды асырай алғанға не жетсін, шіркін! Мен бала күнімде өрт сөндіруші болуды армандағам. Себебі айналама қайырымды істер жасағым келетін. Өсе келе заман өзгерді ме, әлде өзім өзгердім бе, әйтеуір арманым артта қалды.
+2 дауыс
хехе ең балаң арманым -тарихшы болу еді...........
өзімнің ең алғашқы тарихи-экспедициямды 2005 жылы шілдеде Аққорғанға жасадым.......
Жаман емес.
қызығарлықтай
0 дауыс
мен әлі баламын!!!менің арманым жоқ өсе келе таңдармыз оның бәрін,әлі ертерек!!!!!
Енді сұрақты оқысаңшы! 18 тен асқандарға деп тұр емес пе!? Әлі бала болсаң, жазбай қойсаңшы!
+1 дауыс
Мен бала кезiмде футболшы болам деп армандаганмын
Қазіргі қызметің туралы жазбағаныңа қарағанда, әлі мектеп оқитын сияқтысың. Футболшы болу - ол менің қолым жетпес, ең биікте тұрған арманым болатын. Сондықтан, сен алға ұмтыл! Өзіңді көрсет! Футболдың шебері екеніңді дәлелде. Мен футболшы бола алмағандықтан, бапкер яғни жаттықтырушы болуды мақсат тұттым. Қазір сол оқуды оқып жатырмын. Мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп жүрмін. Құдайға шүкір, көп нәрсені ұқтым. Алла қаласа дипломымды алған сәттен бастап, футбол жаттықтырушысы болуға талпынамын. Менің қолымнан келеді. Міне, сенде осылай қайталап, көздеген мақсатыңа жетпейінше, талмау керек. Ал бауырым саған сәттілік тілеймін.
+1 дауыс
Мен бала кезімде артихектор болуды армандагам. Ал қазір Программистпін, обұл мамандығымда жаман емес өзіме ұнайт.
Дұрыс айтасың, олда жаман емес.
0 дауыс
Мен кішкентай кезімде тергеуші болсам ба-деп армандадым, бірақ кейіннен ұнамай кетті. Ал қазіргі кезде достарым программист бол-дейді, Ол маған ұнамады, себебі мен компты жөңдей алсамда, ісімді толық аяқтамай кетемін, сондықтан.
Мен 11 сынып оқушысымын, жалпы қазір маған телекомуникация саласы ұнайды!!
18 жасым жетпей тұрып жауап жазғаныма ренжімеңіз, 5-6 айдан кейін Алла қаласы  18-ге де толам:)
біздің қатарымызға қосылатын болдынғо құттықтаймын  ХD
Жоға, ренжімеймін. Оқасы жоқ. Саған сәттілік тілеймін.
0 дауыс
қазір 11оқып жатырған соң. сол сұрақ бір миымыздан шықпай қойды. Бұйырса дәрігер боламын арманым сол, сол оқуға түсуіме аз қалды егер АЛЛА бұйыртса. Жүрегің қалаған мамандықты атқарғанға не жетсін?!
Солғо, шіркін. Сәттілік тілеймін.
+2 дауыс
Кишкентайымда анши болуды арман еттим,ал казир халыкка адал кызмет корсету ушин орт сондиру кызметиндемин....
Керемет. Әнші болу деген, көпшіліктің балалық шағында асқақтаған арман. Ал өрт сөндіруші болып қызмет ететініңіге еш мұңайма! Себебі кішкентай кезімде менде солай армандағам. Халықпен бірге қиыншылықтың отына күйесің, олар күлсе сенде күлесің. Халқына жақын болу деген керемет нәрсе ғой. Мен ойлаймын, халық саған риза болып, алғыс айтып жатса, бір ерекше сезім деп. Тек сақ бол! Естен шығарма, сен халыққа керексің!
0 дауыс
Бала күнімде ұшқыш болсам деп қатты армандайтынмын. Мектепте үлгерімім жақсы болды. ҰБТ-ден де жақсы бал жинадым, жинаған балым өзім армандаған мамандыққа түсуге жетіп тұрды. Бірақ, денсаулығымда кінарат болған соң басқа мамандыққа оқуыма тура келді. Қазіргі оқып жүрген мамандығым информатика пәнінің мұғалімі, жалпы өзіме ұнайды.
+1 дауыс
Сақшы болғым келген. Кейін әскерге барам деп іштей дайындалып жүретінмін...Ол кезде бәрі мүмкін боп көрінетін еді ғой...
0 дауыс
7-8 жасымда политция қызметкері болуды армандағанмын. 11-12 жасымда еркін күрес боиынша чемпион боламын, дедім. Кеин ер жетіп 16 жасымда әскери қызметке оқуға түсемін деп үлкен дайындық жасап жүргенімде, әкем қаитыс болып қалып жағдаиым нашарлап қалды. Содан соң оқу тренировка бәрі қалды. Өмірде оилған арманың емес маңдаиыңа жазылғаны болады деген осы
0 дауыс
Мен Турист болғым келді
0 дауыс
Биші болсам деп армандайтынмын кішкентайымда. 11 клас битирерде химия тандап завод ашып көптеген Қазақстанда элементтерди менгерип жаңа заттар ойлап табу сияқты қияли арман болған. химияны битирдим. шынында мектеп кезде бари оп оңай истелетин сиякты боп көринетин.Ал қазір  ислам қабылдап дін саласына кеттім. егер мемлекет орамалмен рұқсат еткенде химиядан көптеген шәкірт дайындап жарыстарға дайындар ма едим кім біліпти. Бирақ қазақстан парақорлық жемқорлық өршіген, аузы қисық болса да байдын баласы сөйлесін деген тұста тұрған мемлекет. армандарымды орындау қиынға соғып жатыр мен үшін.
0 дауыс
Мен бала күнімнен ұстаз болудан басқа мамандықты ойлаған емеспін.Себебі менің өмірімде үлгі алатын ұстаздарым көп болды.Үнемі "Киіміңмен әдемі болма,біліміңмен әдемі бол"дейтін Ұлмекен апайымның келбеті көз алдымнан кетпейді.30 жыл бойы ұстаз болып еңбек етіп келемін.Маған да еліктеп ұстаз болып қасымда жүрген бұрынғы шәкірттерімді көргенде қатты қуанамын.
...