0 дауыс
3.5k көрілді
Интернеттен іздедім таппадым!

1 жауап

0 дауыс
“АРҒЫНМЫН, АТЫМ ӘСЕТ АРЫНДАҒАН”
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, дауысы көкте дамылдаған.
Көмекей көк қақпасын әнмен ашса,
Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған.
Тұлпармын топтан озған, тосырқаман,
Шаршы топ, қарсы өрім жоқ шабылмаған.
Жорғамын, жұрттан озған жортарманмын,
Майдамын, майда желіс мамырлаған.
Жұртымның асар-топыр жиынында,
Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!

Тауық боп тары тердім Найман шалдан,
Найман шал – айы туған маңдайшадан,
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Көл – елде, көп жұртымда қыдыр шалған.
Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендерім,
Тау өтпес Тарбағатай, Тянь - Шаньнан.
Ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер
Мекенім ертеде елім ірге жайған.
Құм қыстау, өлке көктеу, өзен күзеу,
Жайлауым – жалпақ дала қарлы таудан.
Ойда орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да таяп барған.
Желқабыз, сол ортамның заржағымын,
Толқытып тоқсан бунақ әнге салған.
Асқақ ән аспанға өрлеп, асқар тербеп,
Күңіренткен сардаланы күндер жалған.
Әнқұмар әлеуметім анталап тұр,
Сайра тіл, аңыра әнім, інжу-маржан!

Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп,
Талдырып, талықсытып, тамылжытып,
Орғытып, орағытып, басқа өрлетіп.
Самғатып, саңқылдатып, саржелгізіп,
Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.
Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғақ,
Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп.
Қарқынды үн қан қайнатып, жүрек жұлып,
Жан жалмап, көңіл тербеп, әсерлетіп.
Сүйе бер, суырылтам ән сұлуын,
Тілім бал, сілекейін шекерлетіп.
Сарайым – саба, құям, пісіп-пісіп,
Қойдырман ән қымызын ой кернетіп.
Сөз – жаңбыр, дауысым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп.
...