Жалпы сұрақ | 993 қаралды
Айналаңыздағы адамдардың өзара  бір - бірімен  амандасуы сіздің көңіліңізден шыға ма?

5 жауап

Ал мен негізі АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ деп амандасатын едім,ал қазір Армысың! деп амандасуды жөн көріп жүрмін!

P.S Біз қашанға дейін Арабтанамыз! А ?
Жақсы Жауап
Бірақ сайтта мұғалім екенсіз!
)))))))))))))) Ия, ғылым жолындағы статусымыз студент болса да, сайтта мұғалім болып жүрген жайымыз бар!
Алланың нұры жаусын деп арабшалап айтып арабтанғың келмесе онда қазақшалап айт Алланың нұры жаусын деп. "Армысың" деген мен "Алланың нұры жаусын" дегеннің қаншалықты айырмашылығы бар екенін байқамайсың ба?
Армысың ! Айкедоку "Алланың нұры жаусын" деееееп созыыыыып тұрамын ба? Оданша Армысың деген ыңғайлы
Алланың нұры жаусын саған, юзер! Бұл соншалықты созылатын сөз емес.
Егер мен Алланың нұры жаусын деп тез-тез айтатын болсам,ол сөз дұрыс естілмейді,НЕ мағынасы түсінбей қалады! Айкедоку жер болдың!!!
Мен емес жер болған, сен жер болдың. Құранның қатал ескертпелерін ескермейтін Алладан қорықпайтындардан аулақ болу керек.
менің аиналамд көбісі "Салембердік!!!" деп айтады,а бул маған ұнамайды)! ал ерлер "Ассалаумағалейкум" дейді, мен "Сәлеметсіз бе?" немесе "Саламатсыз ба?" деймін! маған ерлердің бір біріне арабша сәлемдескені ?намайды, қазакша салемдессе деймін!!!
Амандасудың  "Сәлеметсіз бе?" формасын   мен де  қолдаймын, негізі. "Армысыз!"  деген деп амандасуды да лайық көремін.
Қалайсың деп қолымды созамын. Көбіне қалай деп қоя салам)) Негізінде үлкен адамдармен қаласыз деп амандасамын ғой, ал құрдастарым мен достарыма "қалай" деп қолын ала саламын.))
Қазіргі кезде  көптеген жастар, яғни біздің толқын осы "Қалайсыз?" ... деп амандасудың үлгісі қалыптасқан секілді. Сол құрдастарыңызға "Қалай?" деп қолыңызды созғанда, сізге қалай жауап қайтарады?

+1
Мен "қалай" деп қолымды созамын, ол "қалай" деп қолымды алады:)) Артынан екіншісі келіп "қалай" деп маған қолын созады, мен "қалай" деп қолын аламын.))
Ал мен болсам "қалайсын бауырым" деймін өзіммен құрдастарға, оларда маған "қалайсын" дейді, бірақ бұл жерде "жақсы өзін" деп қосымша жауап беру азайып бара жатқан секілді. Өзіме үйреншікті жағдай, әсіресе "бауырым, досым, құрбым, жігітім" деп қосып қойса арамызды жақындататын сияқты
салеметсизбе, ен сыпайысы сиякты амандасудын,ал курдас курбыларына салем десенде боладыго,,,
120,988 сұрақ
309,915 жауап
153,253 пікір
69,531 қолданушы