+1 дауыс
17.2k көрілді
Менің бөле ағам үйленгелі жатыр сол ағамның тойында айтатын тілек қажет ? Ішінде аға-жеңге деген сөздер болса  жақсы болар еді

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
 
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
 
Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
 
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
*
Құрметті тойшы қауым!  
Бүгін міне Сырымның  ауылында,
Алатаудың бауырында
жадырасып жарасатын,
жамырасып тарасатын,
балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
ән тербеген жүректер нұрланатын,
қызығы күннен күнге жырланатын,
келмегендер қызықтан құр қалатын
бір тамаша той болып жатыр.
Ол-бүгінгі Асқар мен Ботаның  шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!
 
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
*
"Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!
 *
Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!
*
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!
*
«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
 Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
 Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
 Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.
 Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
 Шамшыраќ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
 Беу, ќараќтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
 Отауларыңнан ќуаныш кетпей, баќ күліп.
 Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
 Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
 Өрісі кеңіп, бабадан ќалған әулеттің
 Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.
 Адами ғұмыр болары айќын бір нүкте,
 Жаќсылыќ келер, ынтымаќ бар да, бірлікте.
 Бас ќосќан жастар сендерге үлкен тілегім –
 Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.
–1 дауыс
Аға-жеңге бүгінгі көтерген шаңырақтарыңыз биік болсын.Аспандарыңыз ашық,жұлдыздарыңыз жарық болсын.Алла жүздеріңізді жарық қылсын.Бақыттың бесігінде тербеліп өмір сүріңіздер!!! есіме түскенде  жазам
0 дауыс
Құрметті жас жұбайлар! Заңды некелеріңіз құтты болсын. Сіздерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сіздерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
0 дауыс
Ассалаумағалейкүм тойға жиналған қадірменді қонақтар! Аға-жеңге сіздерді бүгінгі заңды некелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің үлгі тұтар отбасыларының бірі болыңыздар! Шаңырақтарыңыз биік керегелеріңіз кең,босағаларыңыз берік болсын! Бірің аяулы ана, асқар тау әке болып , жанұяларыңыз кеңейсін!  Әулетімізде осындай тойлар  көп болып, тойдан тойға ұласа берсін!!!

Ұқсас сұрақтар

...