Дым да қиын емес. Сабақта алдыңғы қатарға отырып, көзге түс. Мұғалім сенен жақсылық аямайды, әрі сұрақ қойып, араласып үйренесің. Мұнда өзің үшін жақсы оқуың керек. Сабақтан қалмауға тырыс. "Көктемнің әр күні жылға азық". Сен келмей қалған күнгі сабақ адам өмірімен байланысты болуы мүмкін. Ыңғайы келсе, СД, хирургия, терапия деген сабақтар басталысымен ауруханаларға медбикелермен бірге түнгі сменге қалуға тырыс. Әрине рұқсат болса. Дәрігерлердің жұмысын көресің. Болашақта практикада керек болады. Дым жасамадым дегеннің өзінде көзің үйренеді. Ал, оқуыңа сәттілік!