+2 дауыс
1.3k көрілді
жоғары сыныптардағы ұл балалар төменгі сыныптардағы ұл балаларынан ақша жинайды. бірақ оны ешкім ашық айтпайды. жинағанда өздеріне емес, ауылдағы жастарға жинайды. сендерде ондай бар ма? қазақ балаларының бір-бірін осылай құртып жатқандарын қалай тоқтатуға болады?
Мұны тоқтату мүмкін емес, ата - анамыздың уақытында да болған, қазір де бар, болашақта да бола береді. Ешқашан жойылмайды.
Қиын болмаса мына жерге де жауап жазып кете салсаңдар:    https://surak.baribar.kz/371550/

15 жауап

+1 дауыс
ия ондай биздин жактада бар ,ондай маселени токтату онай шаруа емес
оңай емес, әрине. бірақ біздің тәуелсіз мемлекетте жастар қорқақ болып өмір сүре ме?
Кімнен қорықпақ?! Егер көшемен, өз өзіңмен мықтап айналыссаң қорықпайсың, қайта көшедегілерді үркітіп, қорқытып жүресің, басқаларды өзіңдей болуға тәрбиелейсің (әрине, егер сен жақсы жігіт болсаң).
0 дауыс
Ол нәрсе қазірде бар.Оны ешкім ашып айтқысы келмейді.Оны тоқтату мүмкін емес шығар.Себебі,жоғарғы буын інілеріне солай жасағанда,оларды  көрген кішкентайларда жасайды ғой.Бес саусақ бірдей емес,бәрі бірден қойып кетпейді....
Психолог, мен ашып жаздым. Оқып көрсеңші.
0 дауыс
Қазір балдардан ақша жинау демейді. Оны "Щчётчик" деп атайды.Тағыда "Асар" дегенде ұғым бар.Ол өздерінен бір сынып төмен оқитын балдарды жинап үйіне апарып жұмыста істетеді.Әсіресе Күз бен көктемде  "Асар" көп болады.............................
меніңше, масқара, ұят нәрсе.
Адамдар, не боп бара жатырмыз?!
оны "система" дейд1 любой мектепте ондай бар 11-лер 10-дар дан, 10-дар 9-дар дан 9-дар 8-ш1 сынып окушыларынан  тенге жинайды ондайга шыдамагандарды "терпила" дейд1 б1зде ондай коп мен 9 сыныпта окимын лично нам 10 11 лер ти1спейд1 оз1н достарынын арасында  нормально журсен ешк1м ештене демейд1 б1зде солай 10 11 лер мен дос рет1нде бауырлар рет1нде араласамыз егер достарынын арасында мал болып шестерка болып журсен солай журе берес1ндер ж1г1тт1к намыс кайда? олар кудай мед1 или же аке-шешенбед1? нормально жур нормально болады  армия га или б1р военный окуга барганда вот сонда корес1ндер мектептег1 урып согып акша жинау бул еще цветочки ойланындар ж1г1т деген атын барма ж1г1тше жур тиспесе тыныш жур тиссе карап турма ж1г1тс1н!!! P.S Shyngys Esirkeev Zharkent kalasy Zhambyl atyndagy orta mektebi!!!
0 дауыс
БІЗДІҢ ЖАҚТА ОНДАЙ АҚША ЖИНАП ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАУ ДЕГЕН ЖОҚ. ЕГЕРДЕ БОЛСА БҰЛ ЖАҒДАЙ ЖАЙДАН-ЖАЙ ҚАЛМАЙДЫ. ӘЛІМЖЕТТІК ҚАРСЫ ІС ҚОЗҒАЛЫП, МЕКТЕПШІЛІК ДЕҢГЕЙДЕ АРНАЙЫ ТҮРДЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЛЫҚТАРЫН ӨЗГЕЛЕР ҚАЙТАЛАМАСЫН ДЕП ОЛАРҒА АРНАП ЖИНАЛЫС ӨТЕДІ. ЖӘНЕДЕ ПӘЛЕҚҰМАРЛАРДЫ ЕЛ АЛДЫНДА МАСҚАРАСЫН ШЫҒАРЫП, ЖАЗАЛАЙДЫ!*
дұрыс екен
Біз жақта ондай нәрселееер баар.Тіпті 10-11 сыныптардан да "братандары"ақша жинайды.Ондай кезде біздін балалар тыпырлап қарызға кіріп жаман қиналып кетеді гой бишаралар(((
ия ондай көп жерлерде кездеседі
+4 дауыс
Әрине бар! Толпадағы сайқымазақтар тыныш жүрген ұлдардан ақша жинап, телефонын алып, ед сындырып жүреді тіпті жүріп жүрген қызында тартып алады, класста сабақта білмеседе солар озат боп жүреді бірдеңке дейін десең шіріген сөзін айтып миды ашытады, топас, мал адамдар болады. . . . .
шыдау деген көну ме?
Жоқ ???АЛ жарайт  сіз оларға қарсы шықтыныз не істисіз барып ЗАЯВА жазасын дрұыспа  ?Мектепте  қысқасын айтқанда МАЛ боласын
бізде бар бұндай нәрселер көп болып жатады бірақ өзінен 1 жас кішіге емес 2 жас кішіге олары дұрыс емес деп ойлайммын қосылтындар бар ма?
Қайта шыдамау керек,ондай әлімжеттік жасап, оңай олжаға батып жұргендерді тәубесіне келтіріп қою керек. Қылмыс жасаудың фундаменті осылай қаланады, дер кезінде тосқауыл қоймаса,кейбіреуі өмір бойы осы кәсіппен айналысып кетеді.Балалар, қазір мектеп инспекциясы бар, біреуден осылай жәбір көріп жүрсеңдер,олар сендерден күш жағынан басым болса,жәбір көріп жүргендер бірігіп  шағымданыңдар.Аямаңдар!!!
онда қалтаңдағы барды беріп ,сүмірейіп жүре бер...
Жақсы система болады жақсы адам етіп тәрбиелейтін, жаман система болады қылмыстың фундаментін қалайды.
Көну деген сүмелек болу деген сияқты. Шыдау деген барлық қиындықтарға төзу деген. Таяқ жеу, ақша беру деген сияқтыларға. Көну мен шыдау екі бөлек.
0 дауыс
әрине, ол дұрыс емес. бірақ қалай соны жастардың миына құю керек?
0 дауыс
Ақша жинау, система дегендер менің де мектебімде бұрын болтын, 8 сыныпта оқимын. Бірақта сол системаға кірмес бұрын жоғары сынып ұлдары кіресіңдер ма деп сұрайды, егер кірмесе қинамайды.
Бұл мектепте емес, колледж, университеттерде болады ғой.  Кірмесе қинамайды" дегенің өтірік, кірмесең тірі қалмайсың. Кірмеудің бір ғана жолы бар.
0 дауыс
буны токтату мумкiн емес деп оилаймын, калыпты жагыдайгои. 1 бала уйне айтып барса ол баланын кластастарыменде коз карасы болек болады, ол ушiн куштi арласу керек балдар, токтатам деген оиына кiрiп шыкпасын!!!
0 дауыс
ол деген БРАТ ЗА БРАТА бүгін сен оған ақша берсен ертен ол саған сірә керек болады
0 дауыс
Қазір беріп жатқан тиын-тебен - болашаққа кепілдік. Қандай оқу орнына барсаң да солар сені қорғайды, саған көмек көрсетеді. Ұрса, жабылса немесе болмашы бірдеңеге тиіссе балдарыңа айтасың, қанша болып келсе де сен үшін тұрып береді, сені қорғайды, сені сол жерде "авторитет" қылып жібереді. Сен 8-9-10 кластарда ақша бересің, 10 - 500 тг арасында, ал кейін 11 сыныпқа барғанда, мектепті тауысқанда, сол ақшаны сен басқалардан сұрайсың. Осылайша айналып кетіп отырады. Тиын-тебеннің жақсы жері сол, жаман жері жоқ. Ақшаң өзіңе керек болса айтасың, "Менде бар, бірақ өзіме керек" деп, ештеңе демейді. Құрдастарың үшін беретін жағдай да болады. Егер сен арыз жазсаң біреудің үстіне "Істің арты жақсылыққа апармайды, сен жеңесің" деп мың жерден сені қорғағанымен, өз атыңды мың жерден жасырсаңдар араларындағы сатқынды әйтеуір біреу тауып алады, міне, сол кезде саған құтылар жол қалмайды. Ауылдың балалары "здавалды" ұрып, тонап, бір-екі жерін сындырып кете салады, қайта бұл жақсысы. Ал қаланың балалары электрошок, обрез, травматический пистолет, дубинка деген сияқты бәлелермен ұрады, қинайды, тонап кетеді. Және де аға - апаларың "Өз өзіңді қорғай біл, күрес, бокс, таэквондо сияқты секцияларға қатыс" дер, мүмкін кейін пайдасы болар, ал бірақ мың жерден мықты болып тұрсаң да сатып кетсең аман қалмайсың. Жабылады, өзіңнен үлкендермен "Раз На Раз"-ға тұрасың, в общем бетіңнен бет қалмайды.  Егер екі "джигит" үшін бүкіл ауыл төбелесіп "толпа на толпа" болатындай жағдайда екі ауылдың "өкілдері" кездесіп, тек әлгі проблема шығарып жүрген екеуін ғана төбелестіреді, мұны "бой" дейді. Бандалар мен райондардың арасында да осындай болуы керек.

"Здавал"-деген сатқын деген сөздің "көше ұлдары" арасындағы қолданысы, мұнан басқа "терпила", "кипила", "мамина сыночек" деген сөздермен қолдана береді.

Бұндай система қорқақтыққа емес, батылдыққа, төзімділік пен шыдамдылыққа тәрбиелейді. Көшеде ешкім саған "Іш, шек, ат насыбайды" демейді, қайта "Ішпе, шекпе" деп үйретеді. Спортпен айналысуыңды қадағалайды. Нағыз көше тәрбиесіндегі  бала бұзақы да емес, спортсмен, зиянды әдеттерге жоламайтын болып шығады (системаға байланысты, бір жерлерде қайта ішуге, шегуге үйретеді).

Бұл системаны тоқтату мүмкін емес, мың жерден көшеге шықпасын деп аңдыса да, машинамен көшені аралап жүрсе де, "Штраф, бірдеңе-сірдеңе" деп жатса да көше тәрбиесіндегі адам бір амалын табады.

Әлгі "Асар" дегенге келсек, жолдастарыңа көмектескен жақсы ғой, қайта біреуге көмектесіп жүрсең, саған да біреу көмектеседі. Ал қинап жұмсаса, енді оған амал жоқ))) Жолдастарың шақырады, барасың, көмектесесің. Кейін саған да көмек керек болатын кез болады, шақырасың, келіп көмектеседі.

Көше системасында бәрі қайтарымды (бүгін сені ұрса, кейін сен басқаларды ұрасың; қазір сенен ақша алса, кейін сен ақша аласың). Көшеден тығылып, заяв. жазып, қанша қашсаң да өз мектебіңде оңбайсың. Одан кейін оқу орнында да тағы да таяқ күтеді. Оған шыдай алуың қиын. Одан кейін армия бар, армия мүлде қиын.

Система деген - бұл мектеп. Өмірде кездесетін барлық жағдайларға дайындайды.
олар бірінші бір-бірін ұрады, сосын "универде сені қорғайды..." ол қандай система? түсінбеймін және сабақты жақсы оқыған балдар осы жаман іспен айналыспайды деп ойлаймын өйткені бір заң бар - ұнай ма жоқ па - КР Конституциясы, ал мына "система" - заңға қайшы. "авторитет" қылып жібереді - ол мафия туралы кинолардан көргендері шығар  басқа өмірді білмегесін осылай дұрыс деп ойлайды бірақ қателеседі   "Здавал", "терпила", "кипила", "мамина сыночек" деген сөздер басқа тілден келіп сіңіп кеткен мен ойлайм бұл "система" - басқа ұлттың стратегиясы - қазақтарды жою, құрту мақсатында. неменесі бар - қазақтарға сіңіп кетті, ешкім тоқтата алмайды ешқандай соғыс та керегі жоқ . жастайынан өздері-өздерін құртып келе жатыр
Жауабыңды өңдеші, әйтпесе қатесі тым көп. Сабақты жақсы оқитындар қайта осындай "клансымақтардың" лидерлері болады, барлық сабақтың қасында жүреді. Қазіргі кезде спортсмен, білімді, компьютер мен қара жұмысқа да икемді, еш кемшіліксіз жігіттерді табуың қиындау.
болашаққа кепілдік - банктегі депозит!
"Қандай оқу орнына барсаң да солар сені қорғайды "  - сонда кімнен қорғайды? бір қазақ балдары басқа қазақ балдарынан?!
(бүгін сені ұрса, кейін сен басқаларды ұрасың; қазір сенен ақша алса, кейін сен ақша аласың) бұл нағыз қазақтарды өз қолдарымен құрту өйткені сен ұрасың сені ұрады - тірі қалсаң да инвалид болып қаласың, сонда сенен қандай ұрпақ қалмақшы? онсыз да экология, т.б. проблемалар жететін
дұрыс айтасың, "Қазіргі кезде спортсмен, білімді, компьютер мен қара жұмысқа да икемді, еш кемшіліксіз жігіттерді табуың қиындау." жігіттер ұсақталып кетті
осы "система" секта сияқты  ешкім ол туралы ашық айтпайды өйткені заңсыз бәрін қорқытумен ұстайды бір-біріне ұрғызады
оны ешкім тоқтата алмайтына сенбеймін де сенгім келмейді ол өзі-өзінен тоқтайды өмір бір  орнында тұрмайды. сен біреуге істеген жақсылығың саған екі есе оралып келеді, жамандық та солай
1 сұрағың: Кімнен қорғайды? Шынымен де басқа қазақ балдарынан қорғайды. Олар тиіссе, затыңды, киімің мен тиыныңды алып қоятындай болса "бір звонок" дейтін дейтін ұғым бар, бір звонок тастайсың, айтасың, келеді, сені орысша "вручать" етіп жібереді.
2 сұрағың: Сені ұрғанда ешкім сені инвалид етпейді, егер бір жеріңді сындырса, ақау шығарса арты неге ұласарын біледі.
0 дауыс
бұл мәселе мектепте де, колледжде де, универде де бар, бір ғана универ бар бұндай проблемасы жоқ
0 дауыс
Не деген масқара. Жігіт өз атына лайықты болу керек емес пе?! Ақша сурау деген қайдан шыққан? Ең қызығы барлығын тоқтата алатындар тыныш қана барлығына көнігіп жүр. Иа қазіргі жігіттер қорқақ болып кеткен
0 дауыс

Біз жақта система деген болған бірақ біз ақша жина дегендеріне или басқасына бағынбадық. И бағынбаймызда қазір өз еркіміз өзімізде система біздің мектепте жойылды. Жалпы не ол біреуден қорқып ол сені ұратындай құдай емес аулие емес, әкең емес, шешең емес не ол, сондықтан бағынбау керек.

0 дауыс
Ол қалыпты жағдай. Оны әлімжетсіздік жасау деп атайды.
0 дауыс
Сәлем иә қазіргі таңда озекті мәселеледің бірі осы әлімжеттік жасау! Бұған мен айтар едім адам баласының  санасыздығынан осындай дәрежеге жетіп отырмыз!Ол ата-ананыңда қателігі емес!Қай ата ана баласының жаман болғанын қалайды дейсіз әрине ешкім қаламайды!ІӘлімжеттік жасау өзінен кішкентайлардан ақша талап ету өте ұят нәрсе!Оған жалпы мына қоғам қарсы тұра алмайды!Әр адам өз санасымен ойланып өз әрекетіне есеп бере білген жағдайда ғана бул әлімжеттік тоқтайды!Әй қайдам... қәзіргі жастар ар, ұят, намыс деген нәрсені ұмытып бара жатырмыз!Сол жеткіншектерден ақша талап етерде осы әрекетім дұрыспа жоқпа ақша сұрағаным қалай ол менің бауырымғой, мен қазақпынғой ,менің бұл әрекетім ұят емеспа деп ойламағандықтан кобейіп бара жатыр осы жағдай!
...