0 дауыс
15.5k көрілді
Жаңа жылға бастауыш сыныптарға сценарий керек еді. Көмектесе аласыздар ма? дүйсенбі күнге дейін. Жақсы, қызықты. 0-4 сыныптар аралығына

2 жауап

0 дауыс
http://bilim.idhost.kz/tags/%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0+%D0%B6%D1%8B%D0%BB/
http://bilim.idhost.kz/ustaz/393-kel-zhana-zhyl.html
0 дауыс
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.)

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар. Бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл қуаныш, бақыт әкелсін.
 Жасыл желек жамылған,
                                                         Асыл моншақ тағылған
       Міне сұлу шыршамыз
        Көптен күтіп сағынған.
    Кел,балалар,келіңдер
        Тамашаны көріңдер.

1-бала: Жаңа жылдарыңызбен!
2-бала: С новым годом!
3-бала: Хаппи нью е!
Жүргізуші:  Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз бірге әдемі шыршаның шамын жағайық.
                                                         Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
                                        Бір, екі, үш
    Шырша шамы жан.
Жүргізуші: Балалар, әдемі шыршамызды айналып, ән айтайық.

Ән: «Шырша»

Жүргізуші:  Балалар, шыршамыздың шамы жағылды, енді ортамызға кім жетпей тұр?
Балалар: Аяз Ата
Жүргізуші:  Дұрыс-ақ, балалар, енді бәріміз бірге Аяз Атаны шақырайық.
Хормен: Аяз Ата, ау-у-у
(Аяз Ата келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым
                Қырмызы сұлу қыздарым
                Өздеріңді сағындым
                Көп сыйлығым жоралғым!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата,
                     Қарсы аламын орын беріп
                     Ән салыңыз бізбен бірге
                     Би билеңіз бізге еріп.
Жаңа жылымызға қош келдіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Аяз Ата, қасыңыздан Ақшақар қызыңызды көрмей тұрмыз ғой, Ақшақар қайда?
Аяз Ата: Ақшақар қызымнан адасып, таба алмай қалдым.

Жүргізуші: Аяз Ата, қазір Ақшақар қызыңыз келіп қалар, балалар, біздер қандай ертегілерді білеміз, айтыңдаршы?

Балалар: Бауырсақ, Үш аю, Жеті лақ, Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Жүргізуші: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Бір күні ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.
   

Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: Балалар, бауырсақ қоянға кездесіпті.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қоян: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Қояндар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Қоян: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Қояндар тақпақтарын айтып, билерін билейді)

Аяз ата: Бәрекелді, Жаңа жыл мерекесіне ақ қояндар да өз тартуымен келіпті. Ақ қояндар, сендер менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?

Қоян: Жоқ, жоқ, көрмедік.

Аяз ата: Ақшақар неге кешікті екен, а? Мүмкін ол осы маңда адасып жүрген шығар. Бауырсақ, сен менің Ақшақар қызымды да қарай жүр.

Бауырсақ: Жарайды, қарайын.

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қасқыр: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Қасқырлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Қасқыр: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Қасқырлар тақпақтарын айтып, билерін билейді)

Аяз ата: Қасқырлар-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?

Қасқыр: Жоқ! Жоқ! Көрмедік!

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Аю: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Аюларлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Аю: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Аюлар тақпақтарын айтып, билерін билейді)

Аяз ата: Аюлар-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?

Аю: Жоқ! Жоқ! Көрмедік!
(Осы кезде бауырсақпен ілесіп түлкілер мен Ақшақар келе жатады)

Жүргізуші: Балалар, бауырсақпен бірге кім келе жатыр, қараңдаршы?

Балалар: Қу түлкі! Қу түлкі келе жатыр.

Түлкі: Жооқ, балалар, мен қу емеспін. Мен ешкімді алдамаймын. Бәріміз дос болайық. Мен сендерге жаңа жылға Ақшақарды алып келе жатырмын.

Аяз ата: Бауырсақ пен түлкі, сендер біраз еңбектеніп шаршадыңдар ғой, енді біраз отырып дем алайық. Жаңа жылға арнаған тақпақтарыңды тыңдап, билеріңді көрейін.
(Түлкілер тақпақтарын айтып, билерін билейді)

Жүргізуші: Ақшақар, сізде жолдан тоңып келген шығарсыз. Біздің мына кішкентай Ақшақар қыздарымызбен би билеңіз.
(«Ұлпа қарлар» биі. Тақпақтарын айтады)

Жүргізуші: Ал, енді, балалар, Аяз атамен бірге «Қар жинау» ойынын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз. (Ойын ойналады)

Бауырсақ: Аяз ата және менің достарыммен бірге шырша айналып, өлең айтайық. Енді бәріміз дос болайық, ренжіспейік, жарайды ма, балалар?

«Маленькой елочке» әні.

Аяз ата: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Маған Ақшақарды тауып бердіңдер, көп рахмет сендерге. Біз Ақшақар қызым екеуміз енді жолға шығайық. Бізді басқа балабақшада балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!

Сюрпризный момент
Мұнда дұрыс сайтқа сілтеме қойылған!
Белгісіз
...