0 дауыс
4.2k көрілді
Абай ғашық болған Тоғжан кімге күйеуге шығады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
*"Осы халдің үстінде енді тағы бір-екі күн өткенде, бұл ауылдың жолаушы кеткен мырзасы - Аққозы қайтып келді. Тоғжанның күйеуі осы еді.
Аққозы Мотыштың көп семіздерінің бірі екен. Тобықты ішінде Мотыш бөлек бітімді ру болады. Бұлар шетінен зор, семіз денелі, ақ сары, қой көзді, кесек келбетті тұқым. Араларында сары мұрт, сары шашты, мөлдіреген көк көзді кәрі-жасы да көп кездеседі. Аққозы дәл осы тегіне тартқан. Ұзын бойлы, сақал-мұрты жиренге бейім, сап-сары, көзі мөлдіреген қаракөк. Көтеріңкі биік мұрны, дәл ұшында шолақтау боп, таңқиыңқы біткен. Басы, жақ мойындары молынан пішілген, бітімді келген жігіт. Жасы Абай құрбы екен. Ол көп сөйлемейтін, мінезі тұйық, салмақты адам тәрізді."*       
Мұхтар Әуезов, "Абай жолы" романынан үзінді, І том, "Оқапта" бөлімінен алынды.
1- том емес 2- томда жазылған
Жоқ, бірінші томынан алынды.
1 томда оқапта деген бөлім жоқ,2 томда 207 бетте бар дурыстап карап ал дурыс кормеи калган шыгарсын,ей бірак кай томнан алынсада барбір емеспа
Жоқ, өзің дұрыстап қара.  І томның екінші бөлімінің "Оқапта" бөлімінен алынды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
Ақбота Қайнадин 20.04.2017 Салт-дәстүр туралы сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 3.01.2021 Махаббат сұрақ қойды
...