еврей ұлттарында Жаңа жыл «Рон Ашана» деп аталады. Бұл кезде әр адам бір жыл бойы біліп-білмей жасаған күнәларынан тазартуын сұрап, «слихот» деп аталатын дұға оқып, құдайға жалбарынады. Сәбилерге жаңа киім сыйлайды. Мерекелік дастарқанға тек жеміс қояды. қара нәсілділер –Жаңа жыл мерекесінде адамдар бір-біріне су шашады. жаңа жылдық дастарқанға осы мерекеде жасалатын тағам – лингоны жасайды. Бұл тағамға, негізінен, түрлі әшекейлер, тиындар жасырылады. Бұл келер жыл тойымды болсын, ақшалы болсын деген ұғыммен түсіндіріледі. үнді ұлты –Жаңа жылды қазан айының соңында тойлайды. Бұл кезде әр үйдің төбесінен алаулап жанған отты көруге болады. Үнділер Жаңа жылды байлық құдайы Лакшмиді еске алумен өткізеді. Ал мұсылман елдері арнайы күнтізбе арқылы жаңа жылды анықтап отырады. Сондықтан мұсылман жыл санауы бойынша жыл сайын жаңа жыл 11 күнге шегеріліп тұрады. Мысалы, бұрын Персия деп аталған Иран елінде Жаңа жыл 21 наурызда тойланады. Жаңа жылға аз уақыт қалғанда халық арнайы ыдысқа дән егіп қояды. Жаңа жыл кезінде дән өсіп шығып, жас өскін бой көтереді. Бұл жаңа өмірдің, жаңа жылдың келгендігімен түсіндіріледі екен.