0 дауыс
Кішкентай балдарға ертегілер не үшін айтады?
02.12.2012 990 қаралым

3 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Менің ойымша ертегілер айтқан дұрыс. Себебі мән мағынасы бар , тәрбиелік мәні бар ертегілер жақсы деп ойлаймын. Сол арқылы кішкентай бала жақсы мен жаманды, қандай сөздер айтуға болмайтынын (мыс дөрекі) айырады. Көп ертегілерде шын өмірден мысалдар бар. Ата ананың қарамағындағы бала әлі нағыз өмірді көрмейді. Сондықтан болашақ үлкен өмірде жақсы адам болуына септігін тигізеді деген ойдамын.
03.12.2012
+2 дауыс
Ертегіні кішкентай балаға айтудағы басты мақсат: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сөздің тоқ етері: Ертегі баланың дүниетанымын, ой-өрісін, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
:)
03.12.2012
0 дауыс
Фантазия,ақыл-ойын жақсарту үшін шығар....
14.01.2013

Ұқсас сұрақтар

127,964Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы