Ертегіні кішкентай балаға айтудағы басты мақсат: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сөздің тоқ етері: Ертегі баланың дүниетанымын, ой-өрісін, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
:)