0 дауыс
186k көрілді
Тамақ ауырып, жұтындырмай тұрса, не істеуге болады? Қандай амалдар бар?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұмау тигенде тамағыңыз ауырса, мына тәсілдер арқылы емделіп көріңіз:

- Суық тигенде тамағыңыз ауырса, ол көбіне ауызбен демалғандығыңыздан болуы мүмкін. Негізінде, тамағыңызға және өупеге түсетін ауа мұрыныңызда ылғалдандырылып, жалытылады. Егер сізге суық тиген болса, мұрыныңыздың бітеліп қалғандықтан тыныстап жатқан ауа алғалданбайды. Сіз ауызбен демалғандықтан, тамағыңыз құрғап, тітіркенеді де, ауырсынуды күшейтеді. Сондықтан тамағыңыздың ауыруын басудың ең алғаш қолданылатын тиімді жолы - мұрыныңызды шайып, ауызбен демалмау. Бөлмеңіздегі ауыны ылғалдандыру да емделуіңізге септігін тигізуі мүмкін.

- Суық тиген тамағыңызды шөп тұнбаларымен немесе қарапайым тұзды сумен шаюыңызға болады. Бір қасық тұзды жарты литр жылы суға араластырыңыз. Тұздың мұндай мөлшері ағзаңыздағы тұздың табиғи мөлшеріне, шамалы болсын, сәйкес келеді. Сондықтан да ол тінді тітіркендірмейді. Тамағыңызды 1-2 сағат сайын тұз ерітіндісімен шайып тұрыңыз. Ерітіндіні жұтып қоймауға тырысыңыз. 

- Тамақ ауыруын басу үшін бумен тыныстау әдісін де қолданып жатады. Легенге немесе кәстрөлге бірнеше тазаланған картопты салып, қайнатып алыңыз. Орындыққа ыңғайланып отырыңыз да, басыңызды леген үстіне иіп, қалың орамалмен жабыныңыз. Осы қалыпта 12 минут отырғаныңыз дұрыс.

- Дәріханадан емдік мұзкәмпит сатып алыңыз. Егер суық тиіп, тамағыңыздың ауыруы вирустық жұқпа салдарынан болса, антибиотиктің көмегі болмайды. Бірақ, аталмыш  мұзкәмпиттердің құрамында кездесетін фенол иммунитетіңіз ауырумен күресіп жатқан уақытта жұқпаны бақылауда ұстайды. Оған қосымша, мұндай мұзкәмпиттер тамағыңыздағы жүйке ұштарын біарз тоңазытып, оның тітіркенуін азайтады.

0 дауыс
тамагына комплекс жаса ( АРАҚ ЖАҒЫП БЕТІН ЖАУЫП ТАСТАП ЖЫЛЫ ЖЕРДЕ ОТЫР), иттің майын іш, сүтке балл араластырып іш, ас тұз пен ас содасымен тамагынды шай жазыласын!!!
бұлар халық емі!
0 дауыс
люголямен, тузбен тамагынды шай...жазыласын. Ем болсын!!!
+1 дауыс
ГЕКСОРАЛ спрейін сеп. Таңертең және кешке 2 дозадан 5 күн
0 дауыс
Доктор Мом Ингалипт жақсы кетіреді.
0 дауыс
Менде жауап жок сурак. Мамагым жутынсам кулагым коса ауырык еш жутындырмай жатыр не истеген дурыс
0 дауыс
Кызуым котерледи меним ангенам шыкса оны калай кетирем
0 дауыс
отинем көп рахмет дəрілерді айтындаршы
0 дауыс
Адам үнемі қозғалыста болу керек. егер тамақ ауырып жатырса денеге массаж жасаған дұрыс. Осылайша адам денесі қызулы күйде болады. Кейін арнайы сироп дәрілерді ішкеніңіз жөн.
0 дауыс
фураксилинға сода мен тұз қосып тамағыңды шай күніне 2-рет істе жазылып кетесің
...