0 дауыс
659 көрілді
Шешем 75-жаста. Күміс алқа тақан батыр ана.Ол  кісі ,1996 жылы  басқа обылысқа (балаларынын қасына) қоныс аударған , бұрын қарттар күніне және 8 наурыз мерекелерінде , азын - аулақ болсада сый сыйапатын жасайтын . Жеке меншік үйі бар зейнетақысын сол обылыстан алып отыр.Қарттарға көрсетілетін құрметтерді алуына болады ма?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
2010 жылдан бастап «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады. (негіз: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» ҚР 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы).

Жоғарыда аталған заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдар енгізеді.

36-бап. "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.26 N 462 Заңымен.

 37-бап. "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.26 N 462 Заңымен.
...