Тәкәппарлық жақсылық әкелмейтін қасиет. Сыйласа, өзіне сенімсіз әрі көптің жылтырағына еліктегіштер сыйлайтын болар, кейбірі қыз болғаның үшін көңіліңе бола сыйлайтын болар. Бірақ, саналы адам үшін: тәкәппарлық жәй ғана әлсіз адамның өзін қорғау мақсатындағы құралы сияқты ғана көрінеді. Бастапқыда тәкәппар адамдарды түсіну қиын болғанымен, негізінде ондай адамдарды басқару өте оңай, қарапайым өзін адамдардың арасында тең ұстай алатын адамға қарағанда.
Тәкәппарлықтар арылу үшін, көпшіліктің ортасында көбірек болу керек. Әлбетте ол ортаңыз оқыған, саналы әрі ашық адамдардың ортасы болса, тіпті жақсы деп ойлаймын. Себебі, үнемі тәкәппарлық, ұяңдық, қылқынып ашуланшақтық, мақтаншақтық бар болғаны өзін толық сенімсіз сезінетін адамның қолданатын шаралары ғой. Шындығында, бұл әлемді қолмен-ақ басқаруға болады. Ол үшін артық қылық шығару міндет емес, бар болғаны кез-келген ортада өзін сол ортамен тең ұстай алатын, мықты болса да, мықытылығын көрсетін мақтанбай, жәй ғана еріксіз мойындатататын қарапайым әрекеттермен дәлелдеу керек деп ойлаймын.