+1 дауыс
2.2k көрілді
Мен Android Операциялық жүйесі орнатылған телефонды қолданамын. Бірақ қуаты тез азайын сөніп қала береді. Оның қуатын қалай ұзақ шыдатуға болады.  Қандай әрекеттер жасап зарядын ұзаққа шыдата аламыз?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Android Операциялық жүйесі негізіндегі қалта телефондары қазіргі таңда ең танымал құрылғылардың қатарында екендігі анық. Тіпті талайлардың, талай уақыт таңдайын қақтырып келген Symbian OS де шаң қақтырып кеткен жайы бар. Android жақсы болғанымен тоқ көзін көп тұтынатын жайы бар. Осы орайда Қалай-Қалай журналы сізге қалай тоқ көзін үнемдеп узақ уақыт бойы ұялы телефоныңзбен қолдануға болатындығы туралы ақыл кеңестер береді.

Алдымен кеңесімізді бастамас бұрын естеріңізде болсын. Барлық Android жүйесі қолданатын телефондар бірдей емес. Олардың әртүрлі сипаттамасы, техникалық жабдықтамасы әртүрлі болғандықтан олардың жұмыс істеу ұзақты әрқалай. Сондықтан біз көрсеткен уақттан аз немесе көп істеу ол сіздің қалта телефоныңыздың сипаттамасына тікелей байланысты.
Алдымен мына әркеттерді орындаңыз.
1. Телефоныңыздың экранының жарығын азайтыңыз. Телефоның экраны ең көп тоқ көзін тұтынады. Телефонның баптауына кіріп Экранның жарығын төмендетіңіз.  Егер сіздің телефоныңызда арнайы виджет болса соны қолданыңыз. Самсунг телефонында баптауға кірмей үш жағдайда телефоныңыздың жарығын қоюға болады. Өте жарық, орташа, жарығы төмен үш жағдайға бір батырманы басу арқылы дұрысдап отыруға болады.
2. GPS қосулы болмасын.  Google Maps қосылып сіздің нақты қай жерде кетіп бара жатқаныңызды анықтау үшін  GPS  сізді қайда жүргеніңізді анықтау үшін қызметтер атқарады. Осы сіздің анықтау үшін үлкен мөлшерде тоқ көзін тұтынып, процессерде есептеулер жүре бастайды. Ол қуатыңызды тез азайуына тікелей алып келеді.
3. Келесі орында міндетті түрде  WIFI. Егер сіз WIFI-ды қолданбай тұрған болсаңыз өшіріп қойғаныңыз абзал. Себебі күту режимінде айналада ашық WIFI нүктелері бар ма екен деп ұялы телефоныңыз іздей бастайды. Осы мезетте көптеген тоқ көзін тұтынып қояды. Сондықтан WIFI қолданбай жатқан кезде өшіріп қойғаныңыз дұрыс.
4. Сізге аса жылдам интернет байланысы UMTS  (3G) қажет емес кезде GSM(2G) -ге өткендігіңіз дұрыс. Оны телефоныңыздың баптауларына кіріп, байланыс бөліміне өтіп 2G байланысты қосқан дұрыс.  Себебі 3G-ге қарағанда  2G өте аз тоқ көзін тұтынады. Видеоқоңырау, жылдам интернетті қолданбай тек байланыс ретінде қолданып жатсаңыз онда  2G-ді қосып қойыңыз.
5. Жылжымалы, қозғамалы интерактивті фондарды қолданбаңыз. Ол тірі обойларды қолданғанда телефоныңыздың бетіне қолды тигізгенде бетінің су болу, немесе құстардың ұщуы барлық эффекттер көп тоқ көзін тұтынады. Ол жағдайда сіздің телефоныңғыз екі-үш есе жылдам отырып қалу мүмкіндігіне ие.  Сондықтан тірі суреттерді қолданбағаныңыз дұрыс.
6. Егер сіздің ұялы телефоныңыз Samsung шығарған болса онда телефоныңыздың өшіру батырмасын басып ұстап тұрсаңыз, арнайы баптаулар шығады. Сонда орналасқан Передача данных бөлімін қажет емес кезде сөндіріп қойыңыз. Қайта осы әрекетті жасау арқылы қайта қосуға болады. Бұлай сіз телефоныңыздың аз тоқ көзін тұтынуын қамтамасыз етесіз.
7. Телефонның бетінде көрсетіп тұратын артық ауа-райы, Твиттердің қысқа хаттарын көрсететін т.б. артық виджетердің барлығын Себепке жіберіңіз. Оның өзі көптеген батарейкаңыздың тоғын тұтынды.
8.  Арнайы Android бағдарламаны орнатып, баптауларды дұрыстаймыз. Сіздерге ең тиімдісі  Battery Doctor бағдарламасын орнатып алуға кеңес беремін.  Ол үшін телефоныңыз арқылы мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.ijinshan.kbatterydoctor_en
<br>
Толық: https://surak.baribar.kz/journal/?p=160
...