+2 дауыс
90.9k көрілді
әдепті бала,арлы бала деген тақырыпқа шығарма керек тауып беріңіздерші:)

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты.

Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр.

Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін дамыта алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды.

Қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік өмірде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. Ал, ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, өзіңмен басқалардың қалай қарым-қатынас жасағанын каласаң, өзінді де нақ солай ұста деген ұстынға негізделеді.

Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ, тұлға-мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Оның ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.

Халқымыздың қоғамдық моралында адамдар арасындағы шынайы адамшылык. катынастар: тең құқықтық пен жолдастық, өзара сыйластық және жақын адамдарға камқорлық жасау қатынастары көзделеді. Мінез-қүлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған.

Адамдардың орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек.

Қоғамда бір адамға жүктелген міндет басқа адамның міндетімен тікелей байланысты. Бұл тізбекті зәрулік - қоғамдық құрылыс. Оның әрбір адамның әдептілігіне тікелей қатынасы бар. Олай болса, қоғамға зиян тигізбеу үшін әрбір адам басқа адамға нұқсан келтірмеуі қажет. Яғни бір адамның әдептілікті бұзуы қалғандарға міндетті түрде әсер етеді. Бұл егер жалпы халықтық сипат алса, онда ол қоғам тығырыққа тіреледі, берекесі қашады. сондықтан адам әдептілік нормаларын орындай отырып және оның талаптары негізінде өмір сүре отырып қана коғамның сенімін ақтай алады. Олай болса, тірі пендеге жамандық жасамау, кісі көңілін себепсіз калдырмау, адамға жазықсыз жапа шектірмеу қоғам үшін аса қажетті әдептілік іс болып табылады. Аталарымыз: "Жақсылық қолыңнан келмесе, жамандык жасаудан сақтан. Өйткені жамандық қашан да қайта айналып иесін табады", — деп бекерге айтпаған ғой.

Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі.

Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек.

Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
+3 дауыс
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
0 дауыс

Әдепті бала — арлы бала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4- оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
6-оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
7-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8- оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9- оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10- оқушы
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
11- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
12- оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
-Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
-Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Не істеу керек?
— Үлкендерді сыйлау керек
— Ата- аналардың тілін алу керек
— Тәртіпті болу керек
— Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
— Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
1. Ұлық болсаң- кішік бол.
2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.

1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2-оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

0 дауыс
Ыыыыыыыыыыыы.ыыыыыыы.ыыыыыыя.ыыыыыыы.
...