0 дауыс
1.3k көрілді
непал мемлекеті туралы слайт керек тез арада,қазақша слайт???????? болмаса Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бир мемлекетке слайт???????????қазақша слайттар кайдан көруге болады?????

1 жауап

+1 дауыс

Непал (непал. नेपाल [neˈpaːl]), ресми атауы — Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы – Оңт. Азиядағы Гималай тауының орталық бөлігіне орналасқан мемлекет. Жер аумағы 147,2 мың км². Халқы 21,4 млн. (]]2001]]). Негізгі тұрғындары – непалдықтар. Ресми тілі – непали. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам діндерін ұстанады. Астанасы – Катманду қаласы Әкімшілік жағынан 14 аймаққа бөлінеді. Конституция бойынша мемлекет басшысы – король. Жоғары заң шығарушы органы – 2 палаталы парламент (Өкілдер палатасы және Ұлттық ассамблея). Ұлттық мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі – непал рупиясы.

Непал жері таулы келеді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 қатар тау жотасы созылып жатыр, аралықтарында үлкен аңғарлар мен қазаншұңқырлар бар. Н-дың солт. және шығыс шекараларында әлемдегі ең биік шыңдар Джомолунгма (Эверест, 8848 м) және Канченджанга (8585 м) тұр. Климаты негізінен субэкваторлық, муссондық, биіктік белдеулерде – таулық. Оңт-те шілдедегі орташа температура 30°С, таулы аймақтарда –0 – 20°С; қаңтарда 15°С, таулы өңірлерде –0 – 10°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2000 мм, қазаншұңқырларда 1500 мм. Өзендерінің (Ганг алабы) ағыны қатты, су құламалары көп. Ірі өзендері: Карнали, Гандак, Коси, Багхмати. Гималай етектері мен тау беткейлерінде муссондық қалың орман өскен. Ылғалды жерін батпақты өңір мен джунгли алып жатыр. Тау беткейлерінде мәңгі жасыл жалпақ жапырақты орман және одан жоғары белдеулерде қылқан жапырақты орман қалыптасқан.

Ежелгі заманда Үнді-Ганг жазықтығымен іргелес жатқан ну ормандарды видех, шакья, малла, личхав тайпалары мекендеді. Б.з. бас кезінде Непал алқабында (Катманду алқабы) Невар мемлекеті пайда болды. Ол 8 ғ-да ұсақ ұлыстарға бөлінді. 13 ғ-да Малл әулеті елді қайта біріктірді. 15 ғ-да бұл мемлекет те бөлшектеніп, Карнали өзеннің алабында 22 князьдік (Джумла, Джаджаркот, тағы басқа) және Гандок өз. алабында 24 князьдік (Палпа, Танахун, тағы басқа) өмір сүрді. Дегенмен 1769 ж. қазіргі билеуші король әулетінің негізін қалаушы Притхви Нараян Шах бытыраңқы князьдіктерді қайта біріктірді. 1814 – 1815 ж. ағылшындармен соғыста Непал бірқатар жерінен айырылды. 1846 ж. ағылшындардың көмегіне сүйенген рана әулеті билікке келді. 1951 жылғы төңкеріс нәтижесінде Рана әулеті билікті бұрынғы король әулетіне беруге мәжбүр болды. 1960 – 1980 ж. елде король әулетінің шексіз билігі орнады. Бірақ экономика жағынан артта қалған Непал үкіметі сыртқы күштердің және ел ішіндегі бұқаралық қозғалыстардың қысымымен 1990 ж. саяси реформалар жүргізуге мәжбүр болып, жаңа конституция қабылдады.

Непал – аграрлы ел. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – күріш, бидай, жүгері, картоп, шай, темекі, мақта. Мал шаруашылығы елдің солтүстік бөлігінде басым дамыған. Өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу басты орын алады. Туризм мен альпинизм дамыған. Экспортқа кілемдер, қарақұмық, қағаз-мақта бұйымдары, майлы дақылдар мен тері шикізаттарын шығарып, сырттан мұнай өнімдерін, машина, құрал-жабдықтар, тұтыну тауарларын алады. Негізгі сауда серіктестері: Тайланд, Үндістан, Германия, Қытай.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D0%BB

...