0 дауыс
641 көрілді
Yontube сайты қай жылы ашылды? кім ашты?

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайттың негізін ертеректе "PayPal"-да жұмыс атқарған 3 дос қалады. Бейне-сервисті құру барысында, Чад Хёрли дизайнды "Indiana University of Pennsylvania" университетінде зерттеп оқыған болса, Стив Чен мен  Джавед Карим "University of Illinois at Urbana-Champaign" университетінің компьютерлік ғылым факультетінің студенттері еді.

"Youtube"-тың "туған күні" жайлы ғаламторда түрлі дау-дамайлар әлі бітер емес. Бірақ осы сайтқа байланысты бірнеше хронологиялық даталарды атап берсек:
2005 жылдың 14 ақпанында Youtube домені іске қосылды.
2005 жылы 23 сәуірде бейне-сервисте ұзақтығы 15 секунд болатын Джавед Карим түсірген  алғашқы бейне пайда болды.
2005 жыл, мамыр айы - сайтты бета-тестілеуден өткізді.
2005 жылдың қарашасында сайт ресми түрде ашылды.

 Алып-қашпа әңгімелер күндердің бір күнінде Чад пен Стив ұйымдастырған шағын той-томалаққа Джавед келе алмапты дейді. Жігіттерге Джаведпен қызықты кеште түсірілген бейнемен бөлісу қиындық туғызды. Және де бұл жайт Youtube бейнепорталының пайда болуына түрткі болды. Сол кезде бейне порталдың негізін қалаған жігіттер студент болғандықтан, олар сайтты бейне-танысу құралы ретінде қалағысы келген.
Толық осы жерде жазылған http://ru.wikipedia.org/wiki/YouTube
Youtube керемет сайт
...