0 дауыс
337 көрілді
Жаңа Үкіметтің басшысы Серік Ахметов Министрлер кабинетінің отырыстары мен ірі жиындарды мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдапты. бұл жаңалықты кеше НҰР.кз сайты жарялапты сол кешеден бері жаңалыққа 264 пікір жазылыпты ендеше сізде бұл жаңалықтан құр қалмаңыз. Қазақия үшін туған азамат деп осыны айтыңыз!!!!
осы сайттағы жаңалық толық нұсқасы.


----------


----------
Жаңа Үкіметтің басшысы Серік Ахметов Министрлер кабинетінің отырыстары мен ірі жиындарды мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдапты.

Серік Нығметұлы бұл идеяны жүзеге асыруға кеше кірісіп кетті: Үкіметтің кешегі отырысы толығымен тек қазақ тілінде өтті.

Бір айта кетер жайт, осынау ізгі істің ел ертеңі - жастар тақырыбынан бастау алуында да бір символикалық мән бардай.

Ағалардан нұсқау болған соң, Министрлер кабинетінің кешегі кеңейтілген жиынында мінберге шыққан белсенді жастар да ана тілде майын тамыза сөйледі.

Жиынның екінші жартысында да мемлекеттік тіл өзінің мәртебелі орнынан түспеді, үстемдігін сақтады: ел Парламентінің "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің" нақтыланған жаңа жобасын қабылдауына орай ел Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа қаулының жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев те баяндамасын басынан аяғына дейін қазақ тілінде жасап шықты.

Осы жиын көрсеткеніндей, Қазақстан Үкіметінің отырысын мемлекеттік тілде өткізудің еш қиындығы жоқ екен. Бұл ретте әлі күнге мемлекеттік тілді игермегендер үшін жап-жақсы ілеспе аударма жүрді. Ал орыс тілді журналистерге баяндамалардың орысша нұсқасы таратылып берілді.

[міне сол жаңалыққа сілтеме.][1]


  [1]: http://news.nur.kz/239327.html

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...