Мен де тарихшы емеспін, дегенмен де, сіздің мына ойыңызды құптаймын. Әйтсе де біз Қоқан немесе Хиуа хандықтарының біріне қосылғанымызда қазір ол тілде сөйлемек тұрмақ, қазақ деген атымыз қалар ма еді? Ол мемлекеттер қазір жоқ қой. Біз олармен болғанда аман қалатын ба едік бір Алла біледі ол жагын. Бірақ та, Ресей біздің миллиондаған халқымызды қырды дейміз. Ресей құрамында болмағанда біз ең болмағанда екінші дүниежүзілік соғыстан аман қала алар ма едік? Біз қазірдің өзінде бір жағдай бола қалса Ресейден көмек сұрап отырамыз. Әскеріміз қазір де өз деңгейінде емес. Кезінде Әбілқайыр хан тек көмек сұрап барғанда, Ресей білдірместен отарына айналдырып алып еді. Бірақ біздің қазақ кімнен көмек сұрау керек екенін білген, сірә. Жауабыңызңға көп рахмет! Өте дұрыс айттыңыз меніңше. Менің де тарихшы ұстазым үнемі айтатын, Қазақстан Орыстың отарында болмағанда қазір осыншалықты дамыған мемлекет бол алмас еді деп....