0 дауыс
4.5k көрілді
Әлемдегі ең семіз адамның салмағы қанша,қай елде тұрады.
Май баскан адамды карауга журегiм шыдамайд
Белгісіз

4 жауап

0 дауыс
Әлемдегі ең семіз адам 48 жастағы британдық Пол Мейсон (Paul Mason)
572 киләлық салмағының басым бөлігін үйлену үшін тастағаннан кейін ғаламшардағы ең ауыр салмақты адам болды. Асқазанын тарылту бойынша жасалған операциядан кейін 127 киләға арықтаған. Қазір ол 184 килә салмақ тартады.
[мына][1] жерді де қарап өтсең артық етпейді:)


  [1]: http://friends.kz/stranoe/1148090319-samyjj-tolstyjj-chelovek-v-mire-idet-na-novyjj.html
0 дауыс
[Қайталанған сұрақ][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/88320/
0 дауыс
казирги уакытта ен семиз адам ол мексикандык. салмагы 560 кило болу керек шамасы. еки адамдык кроватка жатканда симай жатады майлары салбырап ))
0 дауыс
Әлемдегі ең семіз адам 127 киләға арықтады
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең семіз адам британдық Пол Мейсон (Paul Mason) асқазанын тарылту бойынша жасалған операциядан кейін 127 киләға арықтаған. Қазір ол 184 килә салмақ тартады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жасы 48-дегі Мейсон бұған дейінгі осы атақтың иегері мексикандық Мануэль Урибе (Manuel Uribe) өзінің 572 киләлық салмағының басым бөлігін үйлену үшін тастағаннан кейін ғаламшардағы ең ауыр салмақты адам болды.

Операция жасау алдында дәрігерлер Мейсонды оның пышаққа түсуін жеңілдету мақсатында қатаң диетаға отырғызды. Салмағы сәл ғана төмендегеннен кейін әлемдегі ең семіз адам нығайтылған арбасы бар арнайы «жедел жәрдеммен» ауруханаға жеткізілді.

Салмағының бір бөлігін ол операция кезінде асқазанға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қарнынан майды сылып алу кезінде жоғалтты. Одан кейін тоқтық шақыру үшін асқазанды хирургиялық жолмен тарылтқаннан кейін өзі-ақ қоңынан арыла бастады.

Операциядан кейінгі Мейсонның көңіл-күйі жақсы және салмақ тастауды одан әрі жалғастыруға бел байлап отыр.
...