0 дауыс
876 көрілді
Неке жүзігі неге аты жоқ саусаққа салынады? Неге екенін жазып жібересіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
Адам деген асқақ атты иемденіп, жарық дүние есігін ашқаннан кейін, отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу әркімнің-ақ парызы. Осы парызды орындаудың алғы шарты ретінде қыз бен жігітттің қолдарына міндетті түрде қасиетті  «неке жүзігі» салынады. Неке жүзігін бір елдерде оң қолға, кейбір елде сол қолға таққандығымен, сақиналасатын саусақ бәріне ортақ. Махаббат белгісі - аты жоқ саусаққа кигізіледі.

Неге дәл «аты жоқ саусақ»? Осы сұрақтың төңірегінде біршама зерттеулер жүргізіп көрелік.

Адамзат тарихында осыдан 5 000 жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзіктері бүгінгідей алтыннан жасалмаған. Египеттіктер оларды Ніл өзенінің жағалауында өсетін қамыстардан дайындаған көрінеді. Бастапқыда жүзікті аты жоқ саусаққа кигізген де - дәл осы египет халқы.

Сол кезде халық арасында танымал болған дәрігерлер адам ағзасы мен мүшелерінің орналасуын зерттей келе,жүрекке баратын күре тамырдың дәл осы саусақ арқылы өтетіндігі анықтаған. Махаббат пен жүрек егіз ұғым іспеттес, яғни бірінсіз бірі жоқтығын түсінген білімпаздар аты жоқ саусақты сол мәртебеге лайық көреді. Бір жағынан аты жоқ саусақ күнделікті тұрмыста жасалатын жұмыстарға қатыспағандықтан, оған кигізілген жүзік те ешкімге зиянын тигізбейді.

Антикалық «жүзіктер тілі»

Жүзіктер тілі – ежелгі Грек жерінде пайда болып, өткен ғасырдың басына дейін жігіттердің жеке өмірінің құпиясын шешуде кеңінен қолданылып келген.

Сұқ саусақтағы жүзік – жігіттің қалыңдық іздеп жүргендігін;

Ортаңғы саусақтағы жүзік – мәңгілік серігін емес, уақытша көңіл көтеретін құрбы іздеп жүргендігін;

Шынашақтағы жүзік – сүйіктісі жоқтығын және оны іздемейтіндігін;

Аты жоқ саусақтағы жүзік –египеттіктерден бастау алған дәстүр бойынша бойынша өмірлік жарының бар екендігін білдірген.

Психологиялық дәледер

Біздің қолымыздағы әрбір саусақ – отбасының немесе әулеттің әрбір мүшесінің нышанын білдіреді. Бас бармақ –ата-ана, сұқ саусақ – аға-қарындастары, ортаңғы саусақ – өзі, аты жоқ саусақ – зайыбы немесе жұбайы, шынашақ – балалары.

Енді осы отбасыңызды дәл суреттегідей етіп біріктіріңіз де, ортаңғы саусақты, яғни өзіңізді бүгіп қойыңыз. Жасап болған болсаңыз, бас бармақты бір-бірінен ажыратыңыз. Оны жасау оңай. Өйткені ата-аналар бізбен бірге мәңгі бола алмайды. Шынашақты жіберіңіз. Жасалды ғой!? Өйткені балаларымыз да есейіп, өз ыстық ұяларынан бөлініп шығады. Сұқ саусақтар да бір-бірінен оңай ажырайды, біздің бауырларымыз өз отбасыларын құрып, жөндеріне кетеді емес пе? Ал енді аты жоқ саусақты айыру мүмкін емес, оны жасасаңыз өзіңіз де жоқ боласыз! Тек қана осы саусақ мәңгілік әрі берік махаббаттың не екендігін көрсете алады.

Ақ махаббаттың нышаны ретінде аты жоқ саусақтарыңызға кигізілген жүзіктер мәңгі және мәнді болсын!
...