Бұл сұраққа жауап бермес үшін, саған "жай сан" дегеніміз не соған тоқталып кетейін. Себебі, мына сұрағыңды қоюыңа қарағанда жай санды дұрыс білмейтін секілдісің. Саған "жай сан" дегенді қарапайым жалпық тілмен түсіндірейін.
Жай сан деп- 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандарды айтамыз. Ескерту: 1 саны жай сан болып табылмайды. Сонымен, жай санға қарапайым мысал: 7 санын алайық. 7 саны 1-ге және өзіне ғана бөлінеді. Басқа ешбір санға бөлінбейді сондықтан бұл жай сан. Ал 6 саны бұл құрама сан.
Ал енді сенің сұрағыңа тоқталайын.
23264079. Бұл санның жай сан екенін анықтау үшін, тақ сандарға бөлуден бастайық. Сонда тез табуға оңай болады. Осы санды 3-ке бөлгенде, нәтижесінде 7754693 шығып тұр. Бұл сан 3-ке бөлінді, олай болса 23264079 саны ЖАЙ САН емес, құрама сан. :)