+2 дауыс
5.2k көрілді
SEO оптимизация деген не? (толығырақ, мейлінше, қарапайым тілмен бар білгеніңізді жазып кетсеңіз)

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. SEO оптимизация деген не?
2. Ірі іздеу сайттары қайсы?
<br>
SEO деп отқанымыз толығырақ Search Engine Optimization деп аталады. Яғни іздеу оптимизациясы. Бұл іздеу сайттарында өз сайтыңызды арнайы бір іздеу бойынша алдыңғы қатарға шығару мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер жатады.

SEO- бұл қолданушылардың қандай да бір сұранысы бойынша сайтты іздеу сайттарында алдыңғы қатарға шығару мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер.
Басынан бастап түсіндіруге тырысайын. Сізге бір ақпарат қажет болды. Сіз қайда барасыз? Әрине www.google.kz сайтына немесе www.yandex.kz сайты.  Қазіргі таңда осы екі сайт бұрынғы КСРО аумағындағы ең үлкен іздеу сайттары болып саналады. Google ол әлемдік іздеу сайттары бойынша көшбасшы. Бұдан бөлек Microsoft комапниясының Bing, Қытайдың Baidu атты іздеу сайттары бар.]
<br>
[Толық мұнда оқуыңызға болады.][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/journal/?p=111
+3 дауыс
ііі қып қысқаша толығырақ бір сөйлеммен айтқанда. Сайтты іздеу боттары жақсы түсіну үшін, және іздеу кезінде сайт алдыңғы қатардан көріну үшін (мысалы: гуглдан зерделі деп іздегенде зерделі сайты бірінші тұру үшін) жасалынатын әрекеттер.
"Сайтты іздеу боттары жақсы түсіну үшін, және іздеу кезінде сайт алдыңғы қатардан көріну үшін (мысалы: гуглдан зерделі деп іздегенде зерделі сайты бірінші тұру үшін) жасалынатын әрекеттер"
қандай әрекеттер?
Ең алдымен сайтты html-да логиқалық тұрғыда түсінікті етіп беттеу (верстка)
яғни тақырыптардың деңгейіне байланысты h1-h6 тегтерімен қоршап шығу. егер сайтты html5 тегтерімен беттейтін болсақ менюді menu тегімен, сайт басын header тегімен, сайттың астыңғы жағын footer тегімен белгілеу т.с.с
Сайттың әр парақшасына жеке жеке title (тақырып) жазу
әр парақшаға жеке жеке meta тегтерін дұрыс жазу, кіл сөздер мен фразаларды толықтай жазып шығу (keywords)
әр парақшаға жеке жеке meta атықтамасын жазып шығу (description)
суреттерге альтернативті мәтін мен title атрибутын жазуды қадағалау
жаңа жазба жаңалық мақала болса ілмектерін қойып шығу (keywords сияқы)
іздеу сайттарына әр каталогты жеке жеке енгізіп шығу (осылай жасаған абзал)
айта берсең көөөөп қой осылардың барлығы СЕО оптивизацияға жатады
қойылған материалың жайлы қысқаша түсініктеме бересің сайтың танымалдығы артады Абылай айтқандай :Сайтты іздеу боттары жақсы түсіну үшін, және іздеу кезінде сайт алдыңғы қатардан көріну үшін
АРБ! Рахмет үлкен!
Тағы, тағы...
контент толықтығы, контент уникалдылығы, басқа сайттардың ағымдағы сайтқа сілтеуі барлығы іздеу кезінде ескеріледі
Рахмет үлкен. Практикаға дайындық. Теория болуы керек қой! АРБ!
...