0 дауыс
85.6k көрілді
адамның жаман жақсы болуы өзінен атты тақырыпқа шығарма қажет ертеңгіге көмектесіңіздерші

6 жауап

+2 дауыс
Адамнын жаксы жаман болуы озинен ойткени адам кейбиреулерге ерип жаман истерди кайталаса жаман болады.жаксы жолга туссе болашыгы онын алда. Жаманды кайталама болашагын болмайды,ал жаксы жолып кусак Абай Ыбырай атамыз секилди болып бир галым боламыз.Жаксы адамдар касына жаманды жолатпайды.Кейбиреулер жаксы болып келе жатса да жаманга кызыгып солардын артында журеди. Калай?
+2 дауыс
Адамның жақсы,жаман болуы расыменде озіне байланысты,омирдин есигин ашкан саттен бастап, жамандыкка да жаксылыкка да бейм болады. ар адамнын ойымен минез кулкы ар турли. Кейбир адамнын бала кезинен таланты болады сол таланттын ушын уштап ары карай алып кетсе онда ол адам бул омирде оз орнын тапты ари карайгы болашагы жаркын болады деген соз. ол адам жаксы болса да жаман болсада ол анасынын баласы, ана аркашан баласынын жаксы болганын калайды сондыктан ананын ак сутин актау ушин ардайым анан айткан жолмен багытпен журсен бул омирден кенде болмайсын. ен бастысы озинди аракка,шылымга,жалкаулыкпен отирик айтуга жолатпасан онда озинди жаксы адаммын деп есептей беруине болады.
0 дауыс

Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз: әріптес достарымыздың жұмысын жасай саламыз, соңғы ақшамызды қарыз сұраған құрбымызға бере саламыз, қауіпті болса да досымызға көмектесуге аттанамыз. Жақсы адам ретінде әлемге жақсы жағымыздан көрінгіміз келеді, алайда әлем бізге әрдайым жақсылықпен жауап бермейді.

Әрдайым жақсы адам болып көріну психикалық тұрғыдан денсаулыққа әсер етеді. Психологтардың айтуынша, әрдайым «жақсы адам болып көріну» тастанды боламын деген қорқыныштан туындаған мазохизмнің бір түрі. Тәрбиемен зорлап міндеттелген жақсы адамның образын арқалап жүремін деп адам көптеген психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін.

Адам тек ішкі қалауларын оята алған кезде ғана «жақсы адам» образынан шығып, тым құрығанда шығуға тырысып, жаңа өмірге қадам басуы керек. Және жаңа өмір – жаман болса да, жақсы болса да, ол нағыз шынайы өмір!

«Жақсы адам» кейпінен шығудың мына амалдарына назар салыңыздар:

Әрдайым ата-анаңыздың ризашылығын күтпеңіз. Сіз оң мен солды ажырата алатын ересек адамсыз. Шешім қабылдап үйреніңіз және өз қателіктеріңізді қабылдап, жауап бере біліңіз.

Өзгелер құптамаса да, жаныңыз қалаған іспен айналысыңыз.

Басқа адамдардың қайғысын, мәселелері мен жұмыстарын өз иығыңызға арта бермеңіз. Мұның бәрі сіз үшін артық ой мен салмақ.

Жақындарыңыздың үмітін ақтай алмасаңыз, өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Басқалардың көзінше сіз қателік жасасаңыз да, сізге бұл зорлап міндеттелген істер лабиринтінен шығудың бір амалы болар.

Сізден көмек сұрамаса, өз бетіңізбен көмекке жүгіруге асықпаңыз. Ал егер шынымен қажетсініп жатса, көмектесіп қана қоймай, жаныңызды рахатқа бөлейтін іс ретінде қараңыз.

Мұнымен біз, әлбетте, жақсы адам болмаңыз демейміз. Ақ ниетпен жақсылық жасап, ризашылыққа бөленгенге не жетсін? Бірақ, әрдайым жақсы адам боламын деп шынайы келбетіңізден айрылып қалмаңыз. Әрі өмірдің талабы сол, керек кезде «Жоқ» деп айтуға міндеттейді. Және бұл сіздің өміріңіз. Өз өміріңізге өзіңіз иелік ететін уақыт келді.

0 дауыс

Адам бойындағы асыл қасиеттер

Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

 

Жастық тәрбиесі Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Абылай хан адамзаттың жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған түста небәрі 20 жасында еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Ұлы Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысы да өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.

 

Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам — нағыз еңбексүйгіш адам.

 

Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмасы ақиқат.

 

Сонда ғана тарихқа алтын әріптермен аттарын жаздырып кеткен ұлы тұлғалармен иық теңестіре алады, ал айырмашылық кезең мен мекенде ғана болмақ.

 

Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі — ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықгы талап етеді.

 

Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Қазіргі жастар осыны жетік түсінулері керек. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы — міне, осы ақиқатқа тәуелді болмақ.

 

Жастар - елдің болашағы, болашаққа сенім арту — жеңісті де жемісті келешектің көрінісі. Жастар мемлекетіміздің куатты тірегі бола алса, онда экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік шиеленіс мүлдем бас көтере алмас еді.

 

Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, реформаның шешуші күші болуға ұмтылуы керек. Елімізді өткенге емес, баянды болашаққа алып баруға бар күш-жігерлерін салудан аянбаулары қажет.

 

Ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.

 

Өз Отанын, өз ұлтын сүймеген адамнан ешкдндай жақсылық күтуге болмайды және оның опасыздық жасауы да әбден мүмкін. Ондай адамдар елінің қорғаны да, патриоты да бола алмас.

 

Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау, сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу.

 

Ал, отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп қарауға әсте болмайды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырып отырады.

 

Отансүйгіштік дегеніміз - өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанын анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарап, өмірін қиюға даяр бола алу.

 

Әрбір жас өзінің нақты сенімін, ұлты мен жеріне деген сөнбес сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастырып, еліміз бен ұлтымызда қызмет деп саналмайтын әрбір істі бос, пайдасыз деп ұғып, бұларды санасы мен көңіліне орнықты етіп орналастырған жағдайда, оның көңілі мен рухы сергелдеңге салынбай, өзін сақгап қала алады.

 

Достық тәрбиесі

 

 

Достық –адамдарды бір-біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп, байланыстыратын ізгілікті қарым-қатынас.

 

Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдары болады. Міне, ол — дос адам.

 

Дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан кейін бір-бірлерімен жай ғана араласуы емес. Дос болу — танысқаннан бастап шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау.

 

Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақын араласа бастайды. Уақыт оза бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды.

 

Халық педагогикасында жігіттің жақсы-жаман болмағы өскен ортасы, жора-жолдасы және жанүясындағы достыққа байланысты деп бағаланған.

 

Оны "Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа", "Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар"- деген сияқгы мақал-мәтелдерден айқын көреміз.

 

Осындай халықгық мақал-мәтелдерді тілге тиек ете отырып Базар жырау:

 

Жолдас болсаң жақсымен, Жетеді қолың мақсатқа. Жолдас болсаң нәмәртпен, Аунатар бір күн батпаққа. Есің болса ертерек, Күн ілгері күтініп, Бәледен аулақ бас сақта. Екі талай жерлерде, Адамға қайыр қылмайтын, Ақшаның татын жалаған, Түспесін ісің ақымаққа, -

 

 

деп, дүние үшін, мал үшін дос болатын ақымақ, арсыз, алдампаз адамдардан аулақ бол дегенді нұсқайды.

 

"Бір адамның жаны мен екінші бір адамның жаны барлық мінездерімен үйлесетін болса, сонда достық сезімі пайда болады", — деп түжырымдаған Мағжан Жұмабаев өз ойларын ары қарай былай жалғастырады:

 

"Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен бала өзіне дос тауып алады.

 

Достық сезімнің балаға көп пайдасы бар. Досының көңілін тауып үйренген бала өзімшілдік мінездерден аулақ болады. Өзінің дос баласының сөзін бала үлкен адамның сөзінен де артық тыңдағыш келеді. Сондықган тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қамқор болуға міндетті".

 

Әлбетге, өзінің жан досы бар адам бақытгы ғой. Өйткені адамның досы барда өмірі — той, жаны — жай, үйі — қызық, түзі — думан, уайымы жоқ. Қазақ үшін досы бөліспеген куаныш — қайғы. Доссыз көрген қызьгқ —шыжық. Дос ортақгаспаған байлық — итке тартқан табақгай қадірсіз.

 

"Адам өмірі адаммен" деген бар емес пе? Ешбір адам жеке өзінше өмір сүре алмайтыны анық. Ол міндетті түрде айналасындағылармен санасуға мүдделі. Бұл санасу адамды еріксіз кейбіреулермен достыққа итермелейді.

 

Кісі осындай жанды өзінің мемлекетінде табуы да, я бөтен елден табуы да мүмкін. Не болмаса өз ұлтынан, я өзге ұлттан таба алады. Демек, достықгың шегі болмайды. Адамның тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан достық орнайды. Өйткені, достықтағы ең маңызды нәрсе — өзара үғысып-түсінісу, жарасып жақын жүре алу, бүкпесіз болу және риясыз болу.

 

Әлбетте, достық — еріккендердің ісі емес. Бір-бірлеріне пейіл-ықыластары түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.

 

"Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген мәшһүр сөз достардың жан дүниесінің, ой-өрісінің, талғамы мен әлеуметтік көзқарастарының бір-бірлеріне жақын болу керектігін меңзейді.

 

Адам өз өмірін достарымен баянды етеді.

 

Өйткені баратын немесе шақыратын досы болмаған адамның өмірі — еш қызығы жоқ бейшара өмір. Бұл орайда халқымыздьң: "Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын" деген нақыл сөзін еш жадымыздан шығармағанымыз жөн болады.

 

Салт-дәстүрімізде ұрпақган ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет бар. Ол — достыққа адалдық. Аталарымыз керек кезінде жалғыз атын досынан аямаған, жалғыз жейдесін досы үшін шешіп берген екен. Иә, досы үшін суға түсіп, отқа күю, кеудесін оққа төсеу осы болар.

 

Адамгершілік тәрбиесі

 

Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бір. Ол — адамгершілік. Яғни ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі.

 

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әлі де жетіліп келеді.

 

Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары — үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

 

Адам... Адам болу — қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен — ата-анаңның, еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың мен парызың — ең ұлы жауапкершілігің. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай:

 

Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек... Ақыл керек, ес керек, мінез керек...

 

Адамгершілік халықтың әдет-ғүрыптарымен, дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ол жеке адамға сыртқы дүние сияқгы болса да, сайып келгенде онымен бірдей қоян-қолтық қосыла кетеді. Ал мораль болса адамның ішкі сенімділігі, рухани куәландырылуы.

 

Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы — тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Ол егер айналасындағыларға қайырымды да адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып шыға келеді де, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді.

 

Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Ал, бұл іс-әрекеттерден моральдық қасиеттер туындайды. Осы моральдық қасиеттерге ие болған адам адамгершіліктің не екенін жақсы түсінеді.

 

Халқымыз қайырымды жанды адамгершіл деп дәріптеген. Өйткені адамгершіл болу қайырымдылықты керек етеді. Қайырымды жан — өзгені, яғни, өзінен басқа адамдарды ойлаушы және соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды.

 

Сондай-ақ, халқымыз "жақсы" деген үғымды адамгершілікке балайды. Өйткені, ел адамгершілігі мол адамды "жақсы адам" деген. "Жақсы" болуды дәріптеп, жастарды осы тұрғыда мақал-мәтелдер арқылы тәрбиелей білген.

 

Мысалы, "Жақсы — ай мен күндей, әлемге бірдей", "Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың лепесін ала келді десеңші" деген нақылдар жақсы адамның адамгершілік қасиеттерге тұнып тұрған жан екенін жете ұқтырып, осындай болу керектігіне үндейді.

 

Жақсы мен жаман, адалдық пен арамдық халық аузында былай салыстырыла сипатталады:

 

Айтқан сөзге түсінбес, Жаман емей немене. Сұрағанды бермеген , Сараң емей немене. Кісі ақысын көп жеген, Арам емей немене. Сыртыңдағы қулығың, Амал емей немене...

 

Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы. Осыған орай күнделікті өмірде кісіге "жақсы адам" немесе "жаман адам" деген әдептілік бағасы беріліп жатады.

 

Ал, әдептілік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз — адамгершіліктің асқар шыңы. Адамгершілік қаруымен қаруланған адам өзгелердің қайғы-қуанышына ортақгасып, оларға қысылғында қол ұшын береді. Ол — өзгелердің жақсы әдістері мен істерін өз басына сіңірудің, өмірдегі ең асыл да игілікті дегендерді күнделікті тұрмысқа енгізудің үлгісін көрсетуші.

0 дауыс
Адам мен нагыз адамнын айырмашылыгы неде
0 дауыс
Өленнің аты:«Оқымасанда, жақсы бала бол»
Оқымасанда жақсы бала бол,

Саған арнайы салынады жол.

Құрылысшы болсанда үйінді дұрыстап сал,

Тек бас терлейді,әйтпесе жұмыс істеуге шаршамайды қол.


Сабақ оқып кім қарқ қылып жатыр,

Кімнің миы істеп қайсысы бастық болып отыр.

Алтын медальмен оқуды бітірдім деп айтады,

Бірақ алтын медальмен бітіргенге ұқсамай тұр.


Тек олардың жұмысы жемқорлықпен айналысу,

Олардың ойлары тек ақшамен жарысу.

Тек блат-сваттың арқасында жүрғой талтандап,

Жүрғой өздерінше өздерін бәрінең жоғары санап.


Тозақта оттың ішінде жүргенінең,

Оданда артыққой қарапайым адам болып жұмыс істегенің.

Тек сенің ақшағой көздегенің,

Ал менің мақсатым жақсы адам болып жұмыс істегенім.


Сабақ оқымай қалсанда жақсы адам бол!

Өз қалпында жақсы адам болып қал.

Сауатсыз болсанда мен сауатты емеспін деп көнілінді түсірме,
Бәрібір сауатсыз жемқорлықпен айналысатын адамдарда сендердің күйлерінді кешуде.
Авторы: Арман Гильманов.
...