0 дауыс
8.5k көрілді
Күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын кеменің шығу тарихы қандай? Кеме алғаш қай елде пайда болды ?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
*Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бастап ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды. Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап, сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады. Қос корпусты (өзара ортақ палубамен біріктірілген параллель корпусты) не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме – катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғары және орнықты болып келеді. Оның балық аулауға, жолаушылар және жүк тасуға, спорттық-туристік, т.б. түрлері бар. Шапшаң жүретін, кішігірім кеме – катер деп аталады. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі – глиссер. Глиссердің тұмсық жағы қозғалыс кезінде су үстінде көтеріліп тұрады да, сырғанап келе жатқан тәрізді көрінеді. Рекордтық глиссерге реактивтік қозғалтқыштар да пайдаланылады. Траулер – балық аулауға әрі оны бастапқы өңдеуден өткізуге арналған бір палубалы теңіз кемесі; 2) Әскери кемелер – кластарына қарай: ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десанттық, мина-тральдік, арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және су ығыстырғыштығына байланысты әскери кемелер рангілерге жіктеледі.*
0 дауыс
http://flot.com/publications/books/shelf/shiphistory/part4.htm мына жерге кіріңіз бірақ қазқша емес
0 дауыс
тарих интернеттен қаралмайды ! кітаптан қарайсын !
Кеме Нұх пайғамбардың уақытында ,даже оданда бұрын!

Ұқсас сұрақтар

...