0 дауыс
4.0k көрілді
жуа туралы өлең жолдары болса,,,, тез ара да қажет,,,Алдын ала рахмет.....

2 жауап

+1 дауыс
1)   Асханадан шықпаймын,
               Атым - пияз, бұқпаймын.
               Көзден жасты шығарам,
               Тұмаудан бірақ сақтаймын!







   2)Боламын мен дәмдеуші
    Барлық-барлық тағамға
     Көкөністер ішінен
    Мен пайдалы адамға.
Рахмет көп сизге
+1 дауыс
Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының ең көп тараған түрі. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұз. 20 — 50 см, 18 — 20oС-та жақсы өседі. Гүл шоғыры — шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы — қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5 — 4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2 — 4oС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 3оС суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді.
Пияз – Ургинея (Urginea) туысындағы гицинттер тұқымдастығына жататын 2 жылдық шөптесін, түйнекті өсімдік. Пияздың жыл сайын тамырланып өсе беретін көпжылдық түрлері де бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді. Одан 2-жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын жинап алады. Отаны – Жерорта теңіз елдері. Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа элементтер бар.

Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.

Мәліметтер http://kk.wikipedia.org сайтынан алынған.

Ұқсас сұрақтар

...