+1 дауыс
46.0k көрілді
Сәбит Мұқановтың "Аққан жұлдыз" романының мазмұны, кітаптың не үшін олай аталғаны туралы толық мағұлмат керек еді....

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі туралы

С. Мұқанов 1900 жылы Қызылжар жерінде дүниеге келген. Әдебиетіміздің ірі өкілі, қоғам қайраткері, ғалым, академик. Жастайынан жетім қалған Сәбит жоқшылық тақсіретін тартып, кісі есігінде жалшылықта болады. Табиғатынан талантты, ұғымтал Сәбит халық арасындағы қисса-дастандарды жаттап өседі. Ауыл молдасынан хат таниды. Ескі оқумен алысқа бара алмайтынын білген Сәбит 1922 жылы Орынбор рабфагына оқуға түсіп, білімі мен ақындық таланты ұштасып, оны 1926 жылы бітіріп шығады. 1926-1928 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінде, баспа орындарында қызмет істёйді. Мұнан кейін Ленинград университетінде оқып, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтын бітіреді. 1935 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы, 1937 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарады. 1947- 1963 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болады.

Ұзақ жылдар бойы қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-демократы, ағартушы ғалымы Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын терең зерттеу нәтижесінде "Аққан жұлдыз" романының екі кітабын шығарады. Жазушының жоспарынша 4 том болуға тиіс бұл роман аяқталмай қалады. Атақты ғалым Ш.Уалиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма. Ол осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды. Қашқар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды. Сондықтан Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға зор үлес қосқан ғалым. 

Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды.

Шығармада Шоқанның шыққан тегі, өскен ортасы, білім алу сапары, еңбек жолы, ағартушылық-демократтық көзқарасының қалыптасуы, орыстың озық ойлы ағартушыларымен қарым-қатынасы, қазақ қоғамындағы өзі өмір сүрген дәуірдегі кертартпа, ескі әдет-ғұрыпқа қарсы көзқарасы, ел билеу ісіндегі кемшіліктерді өзгертуге ұмтылысы, жаңа реформа жасаудағы талпынысы, жасаған саяхаттары нәтижесінде жинаған еңбектерін жүйелі жинақтап баспаға беруі, өлкетану, этнография, әдебиет, өнер саласын зерттеуі кең түрде қамтылып жазылған. Шоқанның жеке өмірінде отбасы, ата-анасы, туыстары, сүйген қызы Айжанмен, қарапайым халықпен қарым-қатынасы тамаша суреттелген.

Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды.

Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды

"Аққан жұлдыз" романында кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі шынайы бейнеленген. Романды жазу барысында Сәбит Мұқановтың үлкен ізденіс үстінде болғаны бірден байқалады. Шоқанның өмірін түгелдей зерттеп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдыру асқан ерлік. Ол өз шығармасында ойын оңдай, сөздерін талдай біліп, "қазақ" деген дана халықтың жарық жұлдызы ағып түскенін аңғартқандай. Жалпы оның монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы, тағы басқа туралы жазылған сүбелі еңбек болып табылады.

+1 дауыс

Аққан жұлдыз

Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды; қалған мақалаларының басым көпшілігі толық аяқталмаған немесе кіріспе күйінде қалған және бұл мақалалардың дені қолжазба емес, өзгелердің көшірмесі ретінде сақталған1*1. Қолжазбаны көшіруші өз тапсырмасын мүлтіксіз орындады деуге келмейді, Уәлихановтың жазуы өте түсініксіз болғандықтан, қайталап көшіруде бос қалған жерлер көп немесе сөздердің мағынасы бұрмаланған, ал автор неге екені белгісіз, түзетулер жасамаған. Дегенмен де, Уәлихановтың барлық ізденістерінің маңызы соншалық, Орыс географиялық зерттеу қоғамы 1867 жылдың 24 сәуірі күнгі мәжілісінде Ш. Ш. Уәлихановтың соңында қалған барлық мұраларын басып шығаруды ұйғарды. Бұл шешім сол кезде жүзеге аспай, Уәлихановтың өңделуге тиіс біраз мақалалары әркімнің қолында кетті. Мәселен, В. В. Григорьевтің қағаздарының арасынан, мен Шоқанның екі дәптерін таптым, біреуі Едіге туралы қырғыз аңызы, екіншісі - оның ықшамдалған орысша аудармасы*2.

1887 жылы Г. Н. Потанин Уәлиханов шығармаларын басып шығару туралы мәселені қайта көтерді және дала генерал-губернаторы Г. А. Колпаковский баспаға қажетті қаржы жайын қарастыруға келісім берді*3. Бірақ Колпаковский көп кешікпей Петерборға қызметке ауысып, бұл мәселе тағы тоқтап қалды. Сол кезде Г. Н. Потанин менен Уәлихановтың жарық көруге тиіс жинағына редакция жасауымды және баспагер табуымды өтінді. Өз жұмысым қиын болса да, бұл істің жеңіл еместігіне қарамастан, Шоқан Уәлиханов аруағының ризалығы үшін және шығыстануға үлес болсын деп бас тартпай, оның жазбаларын қарап шығуға келістім. Бұл жұмыс мен ойлағаннан да күрделі болып шықты. Өкінішке қарай, Г. Н. Потанин маған түпнұсқамен салыстырылмаған көшірмені беріпті, ал олардың біразының түпнұсқасын табу мүмкін болмады2.

Кейіннен, Потанин мырза арқылы Уәлихановтың бастапқы жазбаларын алдым. Оны К. К. Гутковскийдің қызы К. К. Гутковскаядан алдым.

Менің өтінішім бойынша Г. Н. Потанин мен Н. М. Ядринцев Шоқан Уәлиханов туралы естелік жазды. Сондай-ақ, менің қолыма оның отандасы, Түркістан өлкесінде қызмет еткен және 1891 жылы Ресей консулы қызметінде жүріп Джидда3 қаласында  тырысқақ ауруынан дүние салған И. И. Ибрагимовтың естелігі түсті. Уәлихановты жақсы білетін С. Я. Капустин бұл басылымнан бөлек, өзінше оның толық өмірбаянын жазып шықпақ ойы болған, бірақ онда Уәлиханов туралы еш мағлұмат айтылмаған, кіріспе сөзбен ғана шектеліпті*4.

Орыс географиялық қоғамының кеңесі, менің мәлімдемемнен кейін Уәлихановтың шығармалар жинағын басуға қажет қаражатты бөлуге шешім қабылдады, солайша мен баспа ісіне кірістім. Бірақ мені өте қынжылтқан жағдай: Уәлихановтың негізгі жұмысы «1858-59 жылдардағы Алтышар немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхар) алты шығыстық қаласының жағдайы туралы» деп аталатын мақаласының түпнұсқасын ала алмадым, бұл мақала қоғамның «Жазбаларында» ұқыпсыз редакцияланған, өте көп қате кеткен. Тек мақаланы теру кезінде мен Уәлихановтың Сыртқы істер министрлігі мұрағатында сақталған есебімен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Есеп көшірмеші қолымен жазылған, кей жерлеріне Уәлиханов өзі түзету енгізген.

Бұл мәтіннің осы томдағы барлық күмәнді тұстарын мен бөлек орналастырдым (398-403 бб.), қалған қосымшалар өзгеріссіз берілді.

Бұл ғасырдағы Шығыс Түркістан туралы біздің мағлұматтарымыз негізінен ол жаққа барып келген сібірлік көпестер арқылы жиналды. Осы саладағы ең тамаша еңбек біздің казак корпусында қызмет еткен қырғыз сұлтаны Уәлихановтың еңбегі болып табылады. 50-жылдардың басында ол Шығыс Түркістанға саудагер ретінде барып біраз қолжазба жинады. Ол Шығыс Түркістан болып саналатын Жоңғария мен Алтышардың (Алты қала) сипаттамасын жасады. Бұл еңбек 1861 жылы жарық көрген «Географиялық қоғам жазбаларында» жарияланған. 

керемет жазылған маған ұнады
0 дауыс

«Аққан жұлдыз» - тарихи роман. Тіл көркемдігі

Сәбит Мұқанов - әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған жазушы, ол - қоғам қайраткері, ғалым, академик.

Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақтың тарихи романында тарихтың әр кезеңінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін негізге ала суреттеу дәстүрі қалыптасты. Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлихановқа арнаған «Аққан жұлдыз» (1967-1969), Ж. Молдағалиевтің Ыбырай Алтынсарин туралы «Алғашқы қоңырау» (1978), Д.Әбіловтың «Сұлтанмахмұт» (1965-1971), С. Жүнісовтың «Ақан сері» (1971-1978), З. Ақышевтің «Жаяу Мұса» (1981) романдары әдебиет тарихында елеулі мән-мағынаға ие болған туындылар. Бұлардың бәрі де ғұмырнамалық мәліметтер негізінде жазылған. Қоғам өмірінде анық ізі қалған оқиғаларды іріктей отырып, нақты заман кейіпкерінің қыры мен сырын ашуға ұмтылды. Алайда көркемдік ізденістері жағынан олар біркелкі емес. Олардың ішінде ұзын сонар баяндауларға, тарихи оқиғаларды тізбелеуге құрылған, характерлік мінездеуден гөрі әңгімелеп түсіндіруге тырысқан туындылар да кездеседі. Дегенмен, тарих сырын тануға, қазақ халқының ұлы тұлғалары жайлы мәлімет алуға пайдалы еңбектер болғаны даусыз.

Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған. Ол осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды.

Сәбит Мұқанов Шоқан Уәлиханов өмірі жайлы деректерді көп жинап, ол туралы пьеса да, ғылыми еңбек те жазған жазушы. Ал, романды ол үш том етіп, кең көлемде жоспарлаған. Онда Шоқанның ата-бабасы, ол дүниеге келмей тұрған кездегі қазақ тарихына қатысты мәліметтер де мол қамтылады. Оның балалық, жастық шағын, оқып, қоғамдық іске араласуын тәптіштеп ұзақ суреттейді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының жиілеуіне байланысты оқиғалар, патшалық Ресейдің ел билеу жүйесіне кіруі, оған қатысты адамдар тағдыры жайлы мәліметтер де мол. Қазақтың ел билеуші жаңа қауымы Есеней, Шорман, Зілқара, Шыңғыстардың Сперанский, Курагин, Потанин, Госфорт, т.б. жайында да әңгімеленген. Шоқан осы ортадан білім алып өседі, оған ХІХ ғасырдағы орыстың демократтық ағымының әсері тиеді. Сонымен бірге жинақтаудың жетіспеуі, ұзақ-ұзақ баяндаулар романның елеулі олқылығы ретінде көзге түседі. Роман сүйегіне сіңіспей тұрған оқиғалар да баршылық. Шоқанның ел билеу ісіндегі кемшіліктерді өзгертуге ұмтылысы, жаңа реформа жасаудағы талпынысы, жасаған саяхаттары нәтижесінде жинаған еңбектерін жүйелі жинақтап баспаға беруі, өлкетану, этнография, әдебиет, өнер саласын зерттеуі кең түрде қамтылып жазылған. Шоқанның жеке өмірінде отбасы, ата – анасы, туыстары, сүйген қызы Айжанмен, қарапайым халықпен қарым – қатынасы шынайы суреттелген.

0 дауыс
С.Мұқановтың  Шоқан Уәлихановты "Аққан жұлдыз" деп атаған себебі.Оның өмірі тым қысқа болды,ол өмірден ерте озды сол себепті оны "Аққан жұлдыз " деп атады.

Ұқсас сұрақтар

...