+2 дауыс
841 көрілді
Мен ағарған іше алмаймын. Тек құрт ғана жеймін. Сүт, айран, қымыз қымыран т.б. ешқайсысын іше алмаймын. Қымыз ішсем денем түршігіп кетеді. Қалай өзімді ағарғанды ішіп үйретсем болады?

p.s. Өтінем ағарға ішкен жақсы ғой деп емес, нақтырақ қалай өзімді өізм үйретуге болатындығын жаз кетсеңіздер. Мен оралдым, енді сайтта сапалы сұрақтар мен сапалы жауаптарды қалыптастыруға тырысамын.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Осы сұрақтың нақты жауабын бір жерден оқып едім, таба алмай қалдым қазір...
Нәресте туылғанда оның асқазанында липаза ферменті көп болады, ол сүтті қорытуға жақсы көмектеседі. Себебі сүттің құрамында лактоза бооолады. Ал адам үлкейе келе сол липаза ферменті азая бастайды, яғни ағза ол ферментті бөлмеді. Бұл да бірақ барлық адамдарда бірдей емес, кейбір адамдарда қарттық жаста да липаза бөліне береді. Ал кейбіреулерінде керісінше ерте жастан ақ бөлінбейді. Сондықтан олар сүт ішкенде асқазандары аурады, өйткені енді сүтті қорытатын фермент бомайды ғой. Сондықтан кейбір адамдар сүтті іше алмайды, ішкісі келмейді де. Ағза оны қажет деп таппайды.
Айран, қымыз барлығы сүт өнімдері ғой.
Егер сізге сүт жақпайтын болса, ішкеннен кейін асқазаныңыз, эпигастрий аймағыында аурсыну сезімі пайда болса ішпей-ақ қойғаныңыз дұрыс.
Мүмкін сізде сүт өнімдеріне аллергия шығар, ол да мүмкін ғой.
Мен де мүлдем  сүт іше алмаймын, жүрегім айный ма бірдеңе қылады. Бірақ, айранды, сүт қосқан шәйді іше аламын, бұл ненің әсерінен болуы мүмкін?
0 дауыс
күнде аз аздан біраз уақыт  ішіңіз содан кейін бір шәй ішіетін кесемен іш солай солай үлкен кесемен іш
0 дауыс
Ол әдеттегі жағдай. Көп ішпей қалса, сосын артынан қайтадан іше бастаса солай болады көп адамда. Жиі іше берсе үйреніп кетеді.
+2 дауыс
3-4 жастағы балалар болады ғой, сүт ішкісі келмейін, кейбіреулері сүтің тәтті емес, 3 қасық қант салмасаң ішпеймін деп отыратын, соларға аналары тәттілер қосып алдап ішкізіп жатады.  
Сол сияқты сіз де сүтке тәбетіңіз төмен болып тұрса бал (әсел), шоколад қосып, ал айранға қант қосып ішіп көріңіз. Талғамыңызға қарай басқа да дәмдеуіштер, тәттілер қосып ішсеңіз үйренесіз.
Сүт іше алмайтын адамға сүтке қант қосып ішудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Оданда  қазір дүкендерде сүттің түрі көп емеспе солардың ішіндегі майлылығы азын ішсеңіз сол да жақсы. Одан шли сүттіңде дәмі шыға бермейді, және оныңда витаминдері көп. Ал айранға қант қосып ішсеніз ол тура йогуртқа құсап кете ғой дәмі:)
хехехех мен сол иогрутты да іше алмаймын ғоооо
+2 дауыс
бауырым, егер сен расында бала күніңнен ағарған өнімдерін ұнатпасаң,іше алмайтын болсаң,онда ешқашан өзіңді қинаушы болма!Себебі,өзіңді қинап ішіп немесе жесең бір тағамды ,онда сен өз денсаулығыңа кері әсер ететін боласың.Әр адамның ағзасы әр түрлі болғандықтан,ағза ерекшеліктеріне де мән бергенің дұрыс.Егер сен ағарған ішпейтін болсам, пайдалы дәрумендерсіз қалам деп қорықпа.Өйткені,дәрумендерді сен ішіп-жеп жүрген басқа да тағамдардан алатын боласың!
Жақсы екен. Қайреке жауабыңызға рахмет. Осындай түсінікті жақсы жауаптарыңызды молынан басқа да сіз білетін сұрақтардан күтемін. :)
0 дауыс
Баланы 2-3 жасқа дейін емізу керек деп айтып жатады апа-әжелеріміз! қазіргінің ішетіні дүкенде толып жатқан қорапшаның ағзаға пайдасы шамалы ал, қазір оған көзіміз үйреніп қалған, кез келгенін алуға шамалары да қалтасы көтере бермейтіні хақ. "Баланы жастан" демекші - жалпы тәттінің де әсері болуы керек, төмендегі жауапқа қосыламын оған 1 емес 5 деген жақсы дауыс берер едім. Табиғи тропикалық немесе өзіміздің бау-бақшадағы  жемістерді көбірек жеуің керек!
...