Енді осындай сәттерде ҚАЗАҚ атамыз жақсы сөзбен мақалдап айтканын айтатын болсам "Жақсы адамның ашуы - шәй орамал кепкенше, ал жаман адамның ашуы - еңкейіп басы жерге тигенше",-дегендей сол сияқты қайын сіңіліңіз сіздің жақсы адамның қатарынан болмағаны. Дегенмен жақсы-жаман деп бөлмей-ақ қояйын оның жасап жүрген қылықтары сізді жақсы көрмейтіні, сыйламайтындығы, адамгершілігі төменділігі жоқ екені байқалып тұр. "Сыйлағанды - сыйла, сыйлағанның құлы бол",- демеуші ме еді. Меніңше сіздің қайын сіңіліңізден енді кешірім сұрамай-ақ қойғаныңыз абзал, өйткені бәрі бір ол сіздің еш жақсылығыңызды, кішіпейілділігіңізді түсінбейді, тіпті түсінугеде тырыспайды. Әркімнің мына өмірден алар өз қалауы бар, сондықтан өз өміріңді қалай өткізетінің өзіңе байланысты, ешкім біреудің жүргенімен өмір сүріп жатқан жоқ. Мен сіздің орныңызда болсам егер мен бір кешірім сұрағанда кешіремесе екінші қайтара ешқашан ол кісінің алдына барып кешірім сұремас едім. Өйткені мені қалай сыйласа менде оны солай сыйлаймын. Менімен сөйлеспей қойса менде солай істеймін. Мені Алла тағала осылай жаратты, табиғатым осындай мінез-құлық пен қарым-қатынасқа үйреткен. Сондықтан тағдырыңда, өміріңде өз қолыңда не істеймін десеңде өзің шешесін.