Қосжарнақтылар класы.
Тұқымдас-
тардың
Түр саны
Тіршілік формасы
Гүл формуласы. Гүл шоғыры.
Тозаңдануы .
Жемісі. Тамыр жүйесі.
Клас өкілдері: майлы, сәндік, дәрілік, мал азықтық, арамшөп
1.Көкнәр тұқымдасы
Ғаламшарда
1500-ге жуық түрі.
ҚН-да 44түрі
Шөптекті, бұта, кішкене ағаш, біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер
Жабайы көкнәр: Т2К2+2А ∞Ж∞
Бунақденелер тозаңдандырады, жел арқылы, өздігінен тозаңдануы да мүмкін.
Жемісі қауашақ.
Жабайы көкнәр, сеппекөкнәр, жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп. Дәрілік түрі: ұйықтататын көкнәр
Улы түрі: үлкен сүйел шөп
ҚН қызыл кітабына тіркелген: Жіңішке көкнәр
2.Алабота
тұқымдасы.
ҒШ-1500-ге
Көпшілігі арам шөп 1не/се көп жыл-қ. Шала бұталы, бұта,кішкене ағаш
Ақ алабота Т4А4Ж1. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүл шоғырына жиналған. Желмен, бунақденелермен айқас тозаңданады. Жемісі: құрғақ қақырамайды
Қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл бұйырғын
Арам шөп: ақ алабота
Бұта немесе кішкене ағаш: сексеуіл. ҚН-да сексеуілдің 3-түрі кездеседі: қара сексеуіл, ақ сексеуіл, зайсандық сексеуіл.30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуілдің жемісі қанатты жаңғақша
Қызылша 2 жылдық шөптекті. Кәдімгі қызылша қызылшаның мәдени түрі. Оған асханалық қызылша, малазықтық қызылша,қант қызшасы ж/ы. Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады. Жем тамырлы.
Шпинат-бір,екі жылдық шөптекті 3түрі бар. А1В1 В2, С,РР витаминдері бар ас дәмдейді.
Шала бұталы не/се көпжылдық шөптекті: бұйырғын. Жапырақсыз бұйырғын не/се итсигек өте улы. Зиянкестерге қарсы дәрі алынады.
3. Асқабақ тұқымдасы
ҒШ-да 900 түрі. ҚН-9 түрі бар.
Шөптекті бір жылдық өсімдіктер. Жатаған сабақты өсімдіктер.Сабағында мұртшалары бар. Мұртша- өзгерген өркен.
Аталық гүлдің формуласы:
Т(5)К(5)А (2)+(2)+1 Ж0
Аналық гүлдің формуласы:
Т(5)К(5)А (0) Ж(3) . Жемісі-қабақ.
Гүл шоғыры: шашақ
Жемісі : қабақ.
Көп жылдық өс/ктің бір түрі Қаратау маңында өсетін Құтырған қияр. Жабайы өсетін: Итжүзім екі үйлі көпжылдық өсімдік. Жемісі-нағыз жидек. Бір тұқымды түрі: мексикалық чайот.
Қияр-асқабақ тұқымдастардың көкеністік түрі. Қауын – біржылдық шөптекті өсімдік. Жылумен жарықты сүйеді. Әр түрі іріктемелері(әңгелек, қара күләбі,дәмбілше торлама)
4.Орамжапырақ гүлдер немесе шаршыгүлдер тұқымдасы
ҒШ-да 3 000 ға жуық түрі бар.
5.Құлқайыр гүлділер тұқымдасы:
ҒШ-да 1 000 жуық түрлері
ҚН-да 18түр 7туыс кездес-і
Шөптекті кейде шала бұталы.
Ағаш, бұта, шөптекті
Жабайы шомыр гүлі: Т2+2К4А 2+4 Ж(2). Гүлшоғыры: шашақ. Жемісі –бұршаққын немесе бұршаққынша.
Т3+(5)К5А (∞ )Ж (∞ ) . жемісі құрғақ қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақшалар.
Кіндік тамырлы
Көкеністік түрі: орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна.
Татымды: қыша, ақжелкек
Майлы: арыш
Дәрілік: ақбасқурай
Арам шөп: қышабас, жұмыршақ. Қосжынысты гүлі шаршы(крест) болып орналасқандықтан,шаршыгүлдер тұқымдасы деп аталады.
Мақта-биіктігі 1,5-2м шөптекті өсімдік немесе шала бұта. Бізде өсірілетін мақта біржылдық өсімдік. ҚН-да шитті мақта өсіріледі. Шит деген мақтаның ұрық шашатын тұқымы. Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді.Қауашақ 3-5 жақтауға ашылады. Мақта тұқымынан мақта майы, күнжара, мақта мамығы алынады. Мақта тұқымының 24-26%-ы майдан тұрады. Қоза қауашағының әрқайсысынан 7г дейін таза мақта алынады.
Дәрілік түрі: жалбызтікен
Сәндік түрі: айдарша, қытай раушаны
Талшықты түрі: бұйракендір
6.Раушангүлдер тұқымдасы:
ҒШ-да 3 000 жуық түрлері
ҚН-да 35түрі өседі
Ағаш,бұта, шөптекті
Қосжынысты өсімдіктер.
Итмұрын гүлі. Т(5)К5А (∞ )Ж (∞ )
Бунақденелер тозаңдандырады. Жемістері құс,жарқанат, су арқылы таралады.
Ағаш: алма, алмұрт, мойыл, шетен.
Бұталы: раушан, итмұрын
Көп жыл-қ шөптекті: шыршай теңгежапырақ, қойбүлдірген.
Тікенектілері: қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушан.
Жай жапырақты: алма,алмұрт,долана, шие өрік ағаштарында.
Күрделі жап-ы (үшқұлақты): бүлдірген, құлпынай, таңқурай
Қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған.
Саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан
Құрғақ жемісті: шыршай, теңгежапырақ.
Шырынды жемісті: алма, шие.
Сүйекті-шырынды: мойыл, шие. Көп сүйекті: таңқурай.
Құрама жаңғақшалы құрғақ жеміс: құлпынай, итмұрын
7.Бұршақ тұқымдастары
ҒШ-да 12 000 жуық түрлері
ҚН-да 650 жуық түрі өседі
Ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті.
Т(5)К3+(5)А (9 )+1Ж 1 .
Шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүл шоғырына жиналады.
Көпшілігі бунақденелер арқылы айқас, өздігінен тозаңданатын -дары да бар. Жемісі: құрғақ -бұршаққап
Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары бар. Ең ірі күлте жапырақша-желкен, күлтенің екі бүйіріндегі 2 жапырақша- ескек, ал төменгі тұтасып өскен екеуі-қайықша деп аталады.
Бұршақ тұқымдастарының бір ерекшелігі тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады, тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді.
Тағамдық түрі: асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық
Мал азығы: сары бөрібұршақ, ақбастүйе жоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ. Жөтелге: жалаңқызылмия. Іш босататын: кассия.
Сәндік түрі: қараған. Улысы: тентекмия.
8. Алқа тұқымдастары
ҒШ-да 2900 жуық түрлері
ҚН-да 23 түрі кездеседі.
Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Жабайы өсетін түрлері де көп. Шөптекті өсімдіктер де бар.
* Т(5)К(5)А 5Ж (2) .
Жемісі- жидек немесе қауашақ.
Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады.
Тағамға пайдаланатын: баклажан, қызанақ, болгар бұрышы,картоп.
Арамшөп әрі дәрілік: меңдуана, сасық меңдуана-нағыз улы .
Сәндік: шырайгүл, қызылқұлақ
9. Ерінгүлдер тұқымдасы
ҒШ-да 3 500 жуық түрлері
ҚН-да 234 жуық түрі өседі
Жапырағы қарама –қарсы орналасатын шөптекті өс-тер. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде ,өрмелегіш түрлері өс-і.Сабағы 4 қырлы.
Т(5)С(2+3)А 4Ж (2) . Жемісі- сүйекті жеміс н/е бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша.
Парфюмерия өнеркәсібінде шикі зат ретінде: гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз хош иісті.
Кермек жалбыз маңызды дәрілік өсімдік. Жапырағында 3%-ға дейін, гүлшоғырында 6%-ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі. Бас сақинасы, асқазан,тыныс жолдарының ауыруларын емдеуге дәрі. Сәлбен (шалфей)-тіршілік шөбі деп те атайды. Оның жапырағы ойық жараны емдеуге қолданылады.
10. Күрделі гүлділер тұқымдасы.
ҒШ-да 20 000 жуық түрлері
ҚН-да 700 жуық түрі өседі
Бұлар негізінен шөптекті сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шалабұталы,бұталы,ағаш текті түрлері де кездеседі.
Т0К(5)А (5)Ж (2) .бақбақ гүлі.
Жемісі айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.
Себет гүл шоғыры
Жемісі жел,жануар, су арқылы таралады.
Майлы: күнбағыс, мақсыр.
Көкеністік өсімдіктер: Ассүтіген, бөрігүл.
Дәрілік: дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған қырмызгүл
Малазықтық: жералмұрт.
Сәндік: бақытгүл, нарғызгүл
Арам шөп: ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер
Мақсырдың тұқымынан май алынады. Олардың құрамында 25-37%май болады.
Дара жарнақтылар классы
1. Лалагүл тұқымдасы
ҒШ-да 1 300-ге жуық түрлері
ҚН-да 57 түрі өседі
Даражарнақты, шөптекті,көпжылдық өсімдіктер.
Тамыры-тамырсабақ, түйнекті пиязшық және пиязшық.
Гс3+3А3+3 Ж(3). Гүлі қосжынысты, шашақ гүл шоғырына жиналады. Жемісі – қауашақ немесе жидек.
Дәрілік: лапыз, тамырдәрі, қырлышөп.
Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ
Техникалық: Шырыш.
Бөлмеде өсірілетін: Кірпішөп
2.Құртқашаш тұқымдастар
ҒШ-да 1 800-ге жуық түрлері
ҚН-да 36түрі өседі
Көпжылдық шөптекті, шала бұталы өсімдік. Тропикте, субтропикте таралған
*Гс6А3Ж1 Гс-гүлсерік.
Жемісі үш ұялы қауашақ.
Сәндік өсімдіктер: құртқашаш, баршынгүл, запран т.б. Олардың тамырсабағы, түйнектері, түйнекті пиязшықтары болады.Халық құртқашашты кейде жылан қияқ деп те атайды.Құртқашаштың ғылыми атауы германдық құртқашаш.Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
3. Пияз туыстар.
ҒШ-да 650-ге жуық түрлері
ҚН-да 110 түрі өседі
Пиязшықты, түйнекпиязшықты, тамырсабақты көп жылдық өсімдіктер.
Басты пияздың гүл формуласы:
*Гс3+3А3+3 Ж(3)
Гүлдері жай шатыргүлге жиналады. Бунақденелер тозаңдандырады. Тұқымдары жел, құмырысқалар жануарлар арқылы таралады. Жемісі -қауашақ
Басты пияз-екі жылдық, көкеністік дақыл. Дүние жүзінде 1,5млн гектарға жуық егістік жерге басты пияз егіледі. 1000-ға жуық іріктемелері бар. Пиязшығының құрамында 14%-ға жуық қант, 2%-ға жуық нәруыз болады. Әсіресе С витамині (14мг%), сондай ақ В және РР тобындағы витаминдер де бар.
Сарымсақ – пияз туысты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп «пиязшықтардан» құралады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 % С витамині бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитоницидтер деп аталады. Бұл грекше «фитон»-өсімдік+ латынша «каедере»-жою, яғни жойғыш өсімдік деген мағананы білдіреді. Пияз бен сарымсақ тұмауға қарсы дәрі ретінде пайдаланылады. Сарымсақтың екі іріктемесі бар: күздік сарымсақ, жаздық сарымсақ.
4.Інжугүл тұқымдастар
Көпжылдық, шөптекті өсімдіктер.
Тамырсабақты өсімдік. Інжугүлді түкті ара, балара, шыбындар тозаңдандырады. Тұқымын құстар таратады.
Інжугүлдің гүл формуласы:
Гс(3+3)А3+3 Ж(3) Жемісі -жидек.
Май інжугүл ҚН Қызыл кітабына тіркелген. Дәрі үшін інжугүлдің жапырақтары пайдаланылады. Жүрек жұмысын жақсартады.
5. Астық тұқымдастар
ҒШ-да 10 000-ға жуық түрлері
ҚН-да 418 түрі өседі
Басым бөлігі шөптекті. Астық тұқымдас өсімдіктің сабағын
сабансабақ деп атайды.
Гж 2 А3 Ж(3) Гж- гүл жарнақ. Гүлшоғыры күріш,құмай,сұлыда- сыпыртқы гүл, бидайда-күрделі масақ, тарыда-масақ тәрізді сыпыртқы гүл , жүгеріде-собық.Гүлдері көбінде қос жынысты. Даражынысты тек жүгеріде кездеседі.Тамыр жүйесі-шашақ тамырлы. Астық тұқымдастардың жемісі-дәнек.
Сүректі бамбук астық тұқымдастарға жатады.
Азықтық өсімдіктер:бидай, тары, сұлы, арпа, күріш, жүгері, қант қамысы тағамға пайдаланады.
Мал азықтық:қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабас. Қағаз өндірісінде: бамбук, қамыс. Құрылыс материалы: бамбук, алып сүрек қамыс.
Арамшөп: қарасұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері.Күріштің тұқымы +10-120с-де өне бастайды.Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алып рекорд жасаған. Шығанақ Барсиев әйгілі тары өсіруші. Әр гектардан 165-175 центнерден түсім жинаған. Құмай –астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Құмай жылу сүйгіш,азықтық, малазықтық өсімдік.