0 дауыс
Осы адамның көзі неше мегапиксел екен? Осы сұрақ мені мазалап жүр !!!
08.11.2012 1.8k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Адамның көз торларында 5 миллиондай түс ажыратқыш рецепторлар бар, яғни 5 мегапикселге шамалас. Бірақ миға тікелей қатынасатын, көріністің ақ-қарасы мен судай таза анықтылығын көрсетуге қатысатын тағы 100 миллионнан астам монохромды рецепторлар бар. Екеуін қосқандағы 105 мегапикселдің өзі адам көзінің шынайы пикселдік өлшемін шығара алмайды. Біздің көзіміз - фотокамера емес қой. Үстіңгі жауапта айтып кеткендей 576 мегапикселге шамалас панорамалық күйде болады.

Адамда екі көз бар, екеуі бір уақытта белгілі бір затқа қараса, тура фотокамерадағыдай фокус жасайды. Ал ол миға 3 өлшемді бейнекөрініс ретінде жіберіледі, яғни 3D. Қазіргі жәй 3D мен IMAX 3D фильмдері қосарласқан камелармен түсіріледі. Тура адамның көзіндей.

P.S. Шынына келгенде, адамның көзінің өлшемін фотокамералық өлшемдермен салыстыруға болмайды. Өйткені, адам ол адам, фотокамера ол сандық құрылғы, біз робот емеспіз ғой
02.01.2018
өңдеді
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы