+1 дауыс
594 көрілді
Қызды өзіңе қарату яғни қыздың көңілінен шығу үшін басыңыздан өткен н/е білетін әдістеріңізді жазсаңыздар

2 жауап

0 дауыс
Қыз деген оңайлықпен  қарамайды. Енді қыздың көңілінен әр жігіт әр түрлі шығады. Біреулері шыға алмай қоштасып жатады. Мен бір кездері қатты ғашық болғам. Ол кезде ән жазатынмын. Ән жаздым бұрылып та қарамады. Бір күні өзіме талап қойдым. "Оны көргенде тым сыпайы, салмақты болу керек" "Адам көркі шүберек демей ме?" "Барынша тартымды болуға тырыстым." Бұрын көрген сайын тиісе беріп мазасын алатын едім. Соңғы кездері мүлдем жақындамаймын. Тек "сәлем" деп өтіп кетіп жүрдім. Кейде басқа қыздармен әңгіме айтып тұрып аламын. Бір күні "смс" келді. "Сен мені қызғанады деп әдейі істеп жүрсің бе?" деп. Міне, қызық. Қызғанбайтын қыз бұлай жазбас еді ғой. Содан кейін үнемі "смс" арқылы араласып тұрдық. Бір күні үйге қайтып бара жатыр екен. Жанына барып "үйіңе дейін шығарып тастасам бола ма?" дедім. Ол келісті. Барғанша ол өзіне деген менің сезімімді шын ұққандай болды, менде оның мені ұнатып қалғанын іштей сезіп келем. Үйге жақындай бере, қолымнан ұстады. "Шығарып салғаныңа рахмет. Көріскенше" деді. Мен сол кезде тілімді жұтып қойғандай сөйлей алмай қалдым. Ал ол жайбырақат үйіне кіріп кетті. Содан бері жұбымыз жазылмай жүрдік. Арада 1 жыл өткен соң қош айтыстық. "Мұңсыз болмас махаббат" деген осы шығар бәлкім.
0 дауыс
Қай қызға болмасын батыл жігіттер ұнайды.Сондықтан,батыл болыңыз,қандай жағдай болсада өзіңізді көрсете біліңіз....
...