+3 дауыс
116k көрілді

Сәлеметсіздерме! Мені көптен бері мазалап жүрген бір ой бар еді, мен сол оймен бөліссем деп едім! Мен 18 жасымда бір жігітпен жүрдім, ата анама айтып оның ата анасымен таныстық. Ол бәрі бір екеуміз уйленеміз деп тұрып алып, қоймастан мені көндіріп, екеуміз қосылдық, екеумізден басқа ешкім білмейді. Бірақ ол кезде менің мецочныйым келіп жатқан еді, қосылғаннан соң мен қыздығым алынған алынбағанын байкамай қалдым, көп қан бөлінбеді, кішкене ғана қан олвиска шықты, ал менің ата анам ол жігіттің отбасын сурастырса нашар отбасы екен деді, сени оларға бермейміз деді, ал біздің қосылғанымызға 1,5 ай болды. менің бар ойлағаным осы маселе болып жүр, мен қызбын ба, жоқ па, котеріп қойған жоқпын ба, енді ата анама қалай айтам, жарайды котермесемде келешекте біреуге тұрмыска шыксам алдағы өмірім не болмак........ не істесем екен, ал гинекологка барайын десем казак кызы болып кызбын ба, жок па деп сурауга уялып, намыстанамын. Кыз айтар акылым алдын ала косылманыздар! Акыл-кенес беріңіздерші отиниш, басым катып кетти

Қыз пәктігі мен алғашқы жыныстық қатынас жөнінде нені білу қажет?Алғашқы жыныстық қатынас, қыздық перде мен аплазия жөнінде нені білу керек? Маманның кеңесін сілтеме бойынша өтіп оқыңыз!

Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ жабылды.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қыздық перде  (hymen) — қазіргі уақыттағы ең көп сұрақ тудыратын жағдайлардың бірі. Көпшілік жас жігіттерді де қыздарды да толғандыратын сұраққа медицина тұрғысынан жауап беріп, қыздық перде жайлы халқымыз арасындағы мифтерді жоққа шығарып, шындықты өз орнына қоймақпыз.

Қыздық перде (латынша- hymen) — бұл қыздардағы қынап және ішкі жыныс ағзаларын оңашалап тұратын перделі құрылым. Құрылысы жағынан қыздық перде дәнекер тіннен, айналасында аздап бұлшықет, қан тамырлары және жүйке (нерв) талшықтарынан тұрады.

Бұлшықет тіні плевраға серпімділік беріп, оның созылғыштығын реттейді. Жүйке талшықтары перденің сезімталдылығын, және дефлорация (жыртылуы) кезіндегі сезімге жауап береді. Қан тамырларының болуы оның дефлорациясы немесе жыртылғандағы кеткен қан көлемін анықтайды. Дәл осы құрылымдардың арқасында қыздық перде алынуы ауырсынумен, қан ағу көлемімен сипатталады.

Қыздық перде қайда орналасқан?

Қыздық перде үлкен жыныс еріндері мен кіші жыныс еріндері арасында, қынапқа кіре берісте орналасқан. Дәлрек айтсақ қынаптан 1-3 см тереңде орналасады. Ол мембрана тәрізді қынапқа кіре берісті жауып орналасады.

Қыздық перде қыздық

Көпшілік жас жігіттер және қыздар қыздық перде деген атаудың өзінен перде толықтай жабық құрылымды зат деп біледі. Бірақ бұл қате ұғым. Біріншіден, қыздық перде ешқашан толықанды жабық болымайды. Пердеде бірнеше тесіктер болуы қажет, мұның себебі менструация кезінде кеткен қанды шығару үшін толықтай жабық перде емес тесіктері бар перде қажет.Екіншіден қыздық перде толыққанды пленка тәрізді құрылымда біркелкі орналаспайды. Ол кейде тығыз құрылымды немесе біркелкі емес болып, қынапқа кіре берістің тек кейбір бөліктерін жауып жатуы мүмкін.

Қыздық перде түрлері

Қыздық перде барлық қыздарда біркелкі деген қате ұғым. Әр қызда ол әртүрлі. Көп сөз жазғанша төмендегі суреттен қыздық перденің формасына, тереңдігіне, эластикалығына және т.б. критеийлерге қарап бөліну суреттемесін келтірдік.

Қыздық перде түрлері

Қыздық пердеге байланысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Қыздық перде қандай тереңдікте орналасады?

Ол қынапқа кіре берісте 1-3 см тереңдікте орналасады. Барлығы да нақты қыздың жыныс ағзасының ерекшеліктеріне байланысты.

Қыздық перденің жыртылуы әрдайым ауырсыну және қан ағумен жүре ме?

Жоқ, әрдайым емес. Жоғарыда аталғандай, барлығы перденің қан тамырымен және жүйке талшықтарымен қамтамассыз етілуіне байланысты. Қаншалықты жүйке талшықтары көп болса, соншалықты перденің алуыну ыңғайсыздық тудырады. Ал қаншалықты қан тамырлары көп болса, соншалықты перде жыртылуында қан көп шығады. Аз болса, керісінше жағдай байқалмақ.

Егер қызда пердесі болмаса, онда бұл оның жыныстық қатынаста болғанын білдіре ме?

Бұл өте күрделі сұрақ. Нақты Иә не ЖОҚ деп жауап беру қиын. Біріншіден туа пайда болған қыздық перденің болмауы (аплазия) деген ұғым бар. Яғни аты айтып тұрғандай бұл кезде қызда пердесі мүлдем болмайды. Екіншіден қыз өз қыздық пердесін жыныстық қатынасқа дейін жоғалтуы мүмкін. Оның себебі әртүрлі: травма алу, шектен тыс физикалық жүктеме, әртүрлі тампондарды дұрыс пайдаланбау, мастурбация кезінде, гинеколог дұрыс тексермесе, бала кезінде интенсивті жуынудан және т.б.

Қыздық перде жыныстық қатынастан кейін аман қауы мүмкін бе?

Иә, мұндай жағдйлар бар. Бұлай болу себебі, кейбір қыздарда перде эластикалығы жоғары, және перде өзіндегі тесіктері бірнешеу немесе үлкен болуы мүмкін. Бұл ер адам жыныс ағзасының қынапқа пердені бұзбай кіруіне жағдай жасайды. Пердедегі үлкен тесіктің болуы физиологиямен байланысты (туа пайда болған) немесе мастурбация әсерінен де болуы мүмкін. Нәтижесінде перде тесік көлемі үлкейіп, жыныстық қатынас кезінде одан жыныс мүшесі оңай өтіп кетеді. Осы секілді жағайларда қыздық пердеден қыз тек босанғанда айрылады.

Жыныстық қатынасқа ұзақ түспесе, қыздық перде қалпына келе ме?

Жыныстық қатынастан кейін жыртылған қыздық қайта қалпына ЕШҚАШАН КЕЛМЕЙДІ. Тіпті айлап, жылдап ешбір жыныстық қатынас болмаса да. Адам денесі кесіртке тәрізді қайта қалпына келмейтінін еске сақтау керек.

Қыздық пердені қалпына келтіруге бола ма?

Өкінішке орай иә. Қазіргі кезде интимді хирургия көмегімен өз қыздығын қалпына келтірп алып жүргендер бар =((. Соншалықты қымбат емес ақшаның көмегімен өз қыздығын қалпына келтіріп, өзін бұзылмаған, нағыз қызбын деп санай алатын заман келді. Мұндай операция гименопластика немесе рефлорация деп аталады. Кейбір қыздар өз санасыздығынан жаратушы берген қыздық пердесінен ерте, кім көрінгенмен айрылып, кейіннен тұрмыс құрмас бұрын оны қалпына келтіру үшін осындай көмекке жүгінеді. Әрине бұл өте өкінішті жағдай =(

Уақыт өте келе қыздық перде серпімділігі төмендеп, қатаюы мүмкін бе?

Көпшілк адамдарда уақыт өте келе, қыз бала өз қыздығын ұзақ сақтаса ол қатайып, серпімді емес күйге ауысады деген пікір айтып жүреді. «25-30 келгенде кемпір болып, қыздық алынуы қиындай түседі» деген дөрекі сөздер де айтады. Бірақ медициа тұрғысынан бұл толыққанды ЕРТЕГІ тәрізді МИФ деп айта аламыз. Расында да ағзамыз жасы ұлғайған сайын өзгеріске ұшырайды. Бірақ бұл факт тек қыздық пердеге қатысты емес. Егер қыздық перде 16-18 жасында жұмсақ-серпімді болса, ол 30 жасында да сондай күйде болып тұрады. Ал 18 жасында қатты, тығыз болса, ол тіпті 30 келсін бәрібір сол күйде болады. Тек 35 асқан кезде ғана қыздық өз серпімділігін аздап жоғалтуы мүмкін.

P.s сондықтан өз қыздық пердесін алғашқы некеге дейін сақтайтын қыз балалар үшін бұл ең жақсы жаңалық. Қарап тұрсақ табиғат өз моногамияға жағдай жасап тұр.

+3 дауыс
Қыздық перде өзінен өзі түспейді. Қыздық перде дегенге түсінік беріп кетейік. Қыздық перде – бұл тесігі бар шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Әр әйелдің қыздық пердесі өзінше болып келеді, оның өлшемі, түрі, пішіні, қалындығы, қан тамырлары және жүйкемен қамтамасыз етуінің өзінде ерекшеліктер бар. Сондықтан дефлорация (үзілу) әр қызда әр түрлі болады.Тіпті, қыздық перде болмауының туа біткен кездерде (басқаша атағанда аплазия) бар немесе қыздық пердедамымай қалуы да мүмкін, оны гинекологиялық зерттеуде ғана анықтап білуге болады.Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздықперде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін.
Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс.

--осы сұрақ көп қойылып кетті. Қыздарымыз біле жүрсін!

Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздық перде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін. Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс
+2 дауыс
Пәктігінен айрылып қалған қызды біздің елімізде де жақсы көре бер­мейтіні белгілі. Сондықтан пәктік бел­гісінен айырылған бой­жеткен гименопластика жасатуға мәжбүр болып жатады. Ал бұл операцияның денсау­лыққа ешқандай да зияны жоқ екен. Операциядан кейін қыздар ешқандай жаман әсер сезін­бейді және дені сау ұрпақ әке­ліп, төсек қатынасында да өзін өте жақсы сезінетін болады.
Мамандардың айтуынша, операциядан бұрын қыз әбден ойланып алуы керек. Нақты бір шешімге келгеннен кейін ғана батыл қадам жасауға болады. Дәрігерлер бойжет­кеннің ВИЧ-пен, гепатиттің В және С түрлерімен, мерезбен (сифилис) ауырмайтынына көз жеткізу үшін анализ тапсырады. Содан кейін қыздың етек­кірі келерден үш-төрт күн бұрын анестезияның көмегімен жасалады. Егер анестезия жалпы денеге салынатын болса, қыз ашқарынға бару керек. Операция 30-60 минутқа созы­лады. Содан кейін бойжеткен үйіне қайта беруіне болады.
Гименопластиканың қысқа мер­зім­ді және ұзақ мерзімге созылатын екі түрі бар екен. Қысқа мерзімдісін қажет болған уақытында жасайды. Яғни оның жарамдылық мерзімі бар болғаны 7-10 күн. Мұндай жағдайда қыздық перденің аумағын тартып тігіп береді. Ал ұзақ мерзімдісі қыздық пердені қалпына келтіру үшін қынап аузындағы тканнің есебінен жасала­ды. Бұл операция біріншісіне қарағанда күрделірек болғанымен, бірне­ше жылға дейін сақталады. Екі опера­цияның да денсаулыққа зияны жоқ саналады, бірақ қыздың жүй­кесі шаршауы, анестезиядан кейін түрлі органдары ауыруы немесе қанның ұйығыштық қасиеті бұзы­луы мүмкін. Операциядан кейін сұйық­тықты көбірек ішу керек және ауыр нәрсе көтермеген дұрыс.
Ресейде операцияның бұл түрі ашық жасала беретінге ұқсайды. Ал біздің елімізде тәжірибелі гинекологтар жасырын түрде жасайды. Сондықтан бағасы да, жасалу шарты да өте құпия сақталады. Бір гине­кологпен сөйлескенімізде, ол гименопластиканы заңды түрде жасау үшін қыз сотқа шағымдануы және сот-медициналық сараптамадан өтуі керек деді. Сот қыздық пердені қалпына келтіру туралы шешім шы­ғарса, гименопластика содан кейін барып жасалуы тиіс екен. Ал құпиясын әшкере ететін қадамға қыз­дардың бара бермесі анық. Сондықтан дәрігерлер мен қыздар өзара келі­сімге келеді.
Бір бағдарламада осы жайлы Дина Төлепберген айтқан сияқты, еркектер қыздарды алдап қыздығын алса ендігі кезек қыздарда деп(ал білмейміз не істейтінімізді, Қазақстанда қаншама ондай ота жасалып жатқан бағасы 30 мың теңгеден жоғары)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
–3 дауыс
5 жауап
...