+1 дауыс
4.5k көрілді
Достар "Алтын күз" кешіне көркем сөз тауып бересіздерме,тез арада?Әсерлі,көркем өлең болса жақсы болар еді!Мен Алтын күзге көркем сөз оқиын деп жатырмын.Алдын-ала рахмет!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Біздің жетінші сынып оқитын бір қыз Күзгі балдың "өнер" бөліміне Мұқағали Мақатевтың "Сап-сары жапырақтар" деген өлеңін мәнерлеп мұңлы етіп оқып жақсы ұпай жинаған. Сағанда сол өлеңді оқуға кеңес беремін. Оқығанда ар жағыңда жәйлап музыка жүріп тұрса тіпті қатып кетеді.:)
САП-САРЫ ЖАПЬІРАҚТАР

Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.  
Каусаған қаңқасы тұр ағаштардын,  
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
 
Естілмей құстың әні,
Естілмей кұстың үні,
Жалғанның кетті сәні, ұшты гүлі.  
Сырғасынан айырылған ақ қайыңның  
Басына бар ғаламның түсті мұны.
 
Сап-сары жапырақтар,
Сап-сары жапырақтар,
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
көп-көп рахмет,сол көркем сөзді оқығанда жүретін жәй қандай музыкаларды білесің?
...