0 дауыс
3.2k көрілді
Бет терісіндегі сепкілді қалай жоюға болады? Қарапайым тәсілдермен  кетеме әлде ол шығып қайта жоғалатын нәрсе ме? өтінемін көмек керек

1 жауап

0 дауыс
Секпіл (ephelіdes) — адамның терісіне түсетін пигментті ұсақ дақтар. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде пайда болады. Секпіл тері клеткаларында пигмент — меланиннің көп жиналуынан болады. Секпілдегі ақшыл қоңыр, қара қоңыр, пішіні дөңгелек, сопақша не белгілі бір пішінсіз болып келеді. Әсіресе, көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай даққа айналады. Секпіл адамның бала кезінде пайда болып, жас ұлғая келе, көбіне 30-дан асқаннан кейін өздігінен жоғалады. Көп жағдайда ақ құба, сары не жирен шашты, терісі жұқа адамдарда кездеседі. Емі: ең алдымен секпіл тудыратын гинекология, асқазан, ішек-қарын ауруларын, эндокринді, жүйке жүйесі жұмысының ауытқуын емдеу қажет. Тәулігіне 1 граммнан 3 рет аскорбин қышқылы беріледі. Дақ бар жерге лимон сөлі, лимон қышқылы, сірке қышқылы, 30%-дық пергидрол, 10%-дық сынап, 5%-дық гидрохинон майлары жағылады. Секпіл түскен жерлерді күн сәулесінен қорғау қажет.

мына сілтемені бассаңыз сізге бір пайдасы тиеді деп үміттенемін http://aikarakoz.kz/?p=958 http://www.kyzdaralemi.kz/sylulyk/65-bezeudi-ketiru-kenestery.html

Ұқсас сұрақтар

...