0 дауыс
427 көрілді
Жаңаөзен қаласының атауы Бекет ата деп ауыстырылуы мүмкін. Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қариялары басшылыққа осындай ұсыныс жасады, деп хабарлады.
Ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинады, деп хабарлайды 24 kz  сайты. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Әрі қарай Жаңаөзен қаласын Бекет ата деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады. Бекет ата  маңғаз өлкенің халқы үшін ықпалы зор тұлға. Дінтанушы ғалым, көне дәуірдің өзінде-ақ математика, медицина, астрономия ілімдерін зерттеген. Ағартушылық ісімен айналысып, сәулет өнерінде де өшпес із қалдырды. Бекет ата үңгіп салдыртқан жерасты мешіттері әлі күнге дейін ойылған қалпы сақтаулы. Онда Қазақстан аймағын айтпағанда, Қытай, Франция, Ресей секілді түрлі елдерден туристер үнемі келіп тұрады.

2 жауап

0 дауыс
өзгермеиді деп оилаим,өзгерседе біраз уақыт өткеннен кеиін өзгеретін шығар
0 дауыс
Мангыстаулык аксакалдар озгерту керек деп жатыр.Бiз СССР-дiн курамында болганда онын атауы Новыиозен есiмiмен аталыпты.Озгеруiде мумкiн озгермеуiде мумкiн.
...