+1 дауыс
1.5k көрілді
Мүгедектер, жетімдер және толық емес отбасыдан шыққан жастарға әлеуметік стипендия қарастырылған ба? Егер балдары тең болып қалған жағдайда грант бөлу кезінде кімдерге басымдық беріледі?

4 жауап

+1 дауыс
Білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ гоптағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі.

Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады.

Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота

белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы

мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының

70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.
0 дауыс
Мүгедектер мен ата анасының қамқорлығынан айрылған балаларға степендия қарастырылған. Ал толық емес отбасыларға қарастырылмаған. Олардың біреуде болсада қамқоршысы болғандықтан қарастырылмаған-ау.
+1 дауыс

Мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.

Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектің мынадай құқықтары бар: 

әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. 

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері  

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

 Жергілікті атқарушы органдар:

Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді 

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:

қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары

Назар аударыңыз!

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты бекітіледі, он бес жұмыс күндік қосымша ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
 
Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
 
Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

Білім саласындағы мүгедектерге берілетін жеңілдіктер

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. 

Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.

сілтеме

0 дауыс
Мүгедек жандарға бөлек грант бөлінеді.
...