«Халықтық ІРО»-ға кім қатыса алады?

+1 дауыс
350 қаралым
«Халықтық ІРО»-ға кім қатыса алады?
Мамандық

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
«Халықтық ІРО» аясында мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алу құқы,ы тек Қазақстанның азаматтарына ғана беріледі. Бұл орайда олардың материалдық ахуалы, жасы немесе тұратын жеріне қарамастан, қазақстандықтардың барынша көпшілігі осы акцияларға қол жеткізе алуы үшін әртүрлі құралдар көзделетін болады. Сонымен қатар Бағдарламаға қазақстандық зейнетақы қорлары қатысады. Бұл акция бағасының тұрлаулылығын қамтамасыз етуге көмектеседі, себебі зейнетақы қорлары – ұзақ мерзімді инвесторлар. Акциялардың өомақты бөлігін сатып алып, зейнетақы қорлары акциялармен қысқа мерзімді алып-сатарлықты тежейтін болады. Бүгінгі таңда 8 миллионнан астам қазақстандықтар зейнетақы қорларының салымшылары болып отыр. Зейнетақы қорлары арқылы олар «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асырудан да өз пайдасын алады. Жалпы алғанда, Бағдарламаны іске асыру тетіктері түпкілікті бекітілген соң жарияланып, түсіндіріледі.

<br>
Ақпарат [мына][1] сайттан алынды.


  [1]: http://www.halyk-ipo.kz/kz/questions/qa/

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы