+3 дауыс
436 көрілді

3 жауап

+3 дауыс
*- Акция алмастан бұрын біріншіден оның не екендігін түсіну қажет. Екіншіден оған инвестициялық тәуекелдің не екендігін біле отырып бару керек. Халықтық IPO жылдам ақша еліктірудің кепілі емес. Үшіншіден сіз бұл акцияларды жақын арада қажет бола қалмайтын ақшаңызға яғни ұзақ мерзімге салуыңыз қажет.
 Халықтың әл-аухатын арттыруға бағытталған аталмыш бағдарлама аясында еліміздің жетекші компаниялары өз акцияларын ішкі нарыққа шығарып, ашық саудаға салмақ. Табысты кәсіпорындардың акцияларына еліміздің кез келген азаматы ие бола алады. Құнды қағаздың нарықта құны өскен шақта оларды сатып немесе дивидендтен түскен қаржыны қанағат етіп пайда көзіне айналдыруға мүмкіндік кең. Алайда артық ақшасын жастық астына тығып ұстайтын қарапайым халық IPO-дан әзірге хабарсыз.
 Халықтық акциялар тек қалталы азаматтардың уысында кетпеуі үшін бір қолға тиетін құнды қағаздар көлемі шектеулі болмақ. Олардың құны 10 мыңнан 100 мыңға дейін бағаланады деген болжам да бар. Алайда акцияларды сатып алу жылдам пайда немесе жалпы пайда табуға кепілдік бермейді. Кез келген қаржы нарығы, оның ішінде қор нарығы құбылмалы екендігін ескерген жөн.*
Толығырақ [мына жерде][1] немесе http://www.halyk-ipo.kz/kz


  [1]: http://www.31.kz/kz/video/document27581.phtml
+3 дауыс
Жалпы қазақстандық компаниялардың жақын болашақта акциялары өсуі әбден мүмкін, бірақ одан қара халыққа пайда келеді деп ойламаймын.  ИПН (купондар) нің керін киюі әбден мүмкін.
Купондар ол халықты алдап рубльден құтылып, тенгеге көшу үшін жасалған астарлы саясат болатын! Оның АКЦИЯға ешқандай қатысы жоқ!

Жалпы қазақстандық компаниялардың жақын болашақта акциялары өсуі мүмкін дейсің бе? Ал ғадамдық қаржы дағдарысының толқыны ше? Ол қазақстандық компанияларына әсер етуі мүмкін ғой?
Қазақстандағы өз акцияларын ұсына алатын компаниялар мүнай,газ, теміржол сияқтылар ғана,оларға әлемдік қаржы дағдарысы пайда әкелмесе зиянын тигізе қоймас деп ойлаймын.  Жалпы дағдарыс шикізат экспорттаушылардан көрі, өнім шығарып соны сатушыларға қаттырақ әсер етеді.
Өнім шығарушы елдерге шикізат керек, ал өнім шығармаса шикізаттың да пайдасы жоқ, яғни керек аз болып қалады! Сондықтан Бұның бір ұшы шикізат шығарушы елдерге қатты тиеді деп ойлаймын! Не үшін Назарбаев ФИИР шығарды дейсің? Әрине өз өндірісімізді дамыту үшін!
Дамыса менде қарсылық бар дейсің ба? Мен оптимистпін, сонда да сенбейтіндерім көп.
0 дауыс
Бауырым мен жазған мақаланы оқы;

http://jamagat.kz/index.php/analitika/17-narodnoye-ipo
...