+2 дауыс
91.5k көрілді
Оқу борышы,білім міндеті,қазақ тілін сыйлау білуі. Менің борышым дегенге шығарма?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу. Міне, менің борышым осы.
«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы ұшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл Өлгеніңше,
Жоба тап , жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
0 дауыс
Біздің ата-бабаларымыз бізге елімізді,жерімізді аманат етіп кеткен, Бұл аманатты олар қанын төгіп,жанын қинап алған. Тәуелсіздігіміз үшін күресіп,халқымызды бұғаудан босатқан. Енді сол іске құрметпен қарап,отанымызды сыйлап.көркейтуімуз керек. Менің ең бірінші борышым осы! Ал бұл үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқуым керек! Міне!
0 дауыс

"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім,

"Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ" деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіұңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Осының бәрі "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі .

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасыммен мақтан тұтамын.

+1 дауыс

Менiң борышым

Менiң борышым - ата-анамның сүтiн ақтау, елiмнiң үлкен азаматы болу, халқыма еңбекқылу. Мен борышымды орындау үшiн ақ жолдан айнымай, бар күшiмдi аямай, тек алға ұмтылу керекпiн.Мен келешек қамы үшiн өмiрiмдi сарп етемiн. Сабағымды жақсы оқып, өскенде жаксы мамандыктың иесi болғым келедi. Мен борышымды ақтаймын.

0 дауыс

Қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу - борышым

Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.

Қазіргі таңда салт - дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз маған ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет - ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт - дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт - дәстүрін білсе тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Бала түгіл үлкен адамдарда біле бермейтін салт - дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны балалары, көрші - көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып - қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ салт - дәстүрімізге деген құрмет болар еді.

Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз. Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе. Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі - түрлі от шашулар шашып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурызда да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс, құт, несібе жасау, бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп арман - тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік, жетім - жесірге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, алғашқы қымыздан – қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға – сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беріңіздер демекпін. Бұл жазылған шығармам біреуге жай сөз болып қалар, біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді.

0 дауыс

«Менің ұстаздық борышым» 

Еліміздің ертеңгі мен бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Мен үшін мұғалім мамандығы – ең асыл мамандық. Барлық мамандықтың мамандығы. Мұғалім мамандығын таңдау үшін жүректің батырлығы, жауапкершілік және заман талабына сай болу керек.

Уақыт озған сайын, жаңа техника мен технология да дамып келеді. Осыған орай, біз болашақ ұрпақты табысты етіп тәрбиелеуіміз керек. Табысты тұлға қандай болу керек? Еңбеккор, алдына мақсат қойып, оған ұмтылатын, адамгершілігі мол, жауапкершілігі бар және бәсекеге қабілетті болу керек. Заман талабына сай тәрбие беруде біз адамгершілікті де ұмытпауымыз керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы ғана емес, педагогтар да шешуші роль атқарады.

Қай кезеңде де жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болған. Сондықтан, мен мамандық таңдар кезде қиыншылық туған жоқ. Себебі мен балаларды өте қатты сүйемін. Бастауыш мектеп білім берудегі басты фундаменті болып табылады.          Осыған орай өзінен-өзі туындайтын жаңа өмір талаптарына сай жас мамандардың, өте жоғары деңгейде білім алып, еңбек майданында алдынан кездескен күрделі қиындықтарға мойымай, алған білімдерін дұрыс жұмсай білу керек. Әр сабаққа үлкен жауакершілікпен дайындалып отыруы қажет. Себебі, болашақта балалардың қандай адам болып өсуі бізге, мұғалімдерге де байланысты болады. Ол біздің мойнымыздағы үлкен борыш

0 дауыс
Акне адамдык борышын деп не ни аитады?
...