+2 дауыс
11.1k көрілді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспананы қалай сатып алуға болады?

2 жауап

0 дауыс
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асырудың операторы болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру
1. Жеке меншікке және кейіннен сатып алумен жалға алуға халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үйлер
2. Кейіннен сатып алумен жалға алуға «Жас отбасы» санатына арналған тұрғын үйлер
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі талаптары
I.  Жеке меншікке және кейіннен сатып алумен жалға алуға «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үйлер»:
Барлық қатысушылар тұрғын үйді сатып алуды мынадай жолдармен жүзеге асыруы мүмкін:
1) тұрғын үй құрылысы аяқталған соң Банк заемдарының, жинақтардың және меншікті қаражаттардың есебінен;
2) кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алу арқылы тұрғын үй заемдары есебінен. Жалға алудың ең көп мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық емес мерзімді құрайды, жалға алу кезеңінде пәтер құнының 50%-ын жинақтау қажет.

      Барлық қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
       Банк салымшысы болу;
       Заемға қызмет көрсету үшін төлем қабілеттілігін құжатты түрде растау;
       Сатып алынатын тұрғын үйді кепілге беру, қажет болған жағдайда, Банк қосымша кепіл талап ете алады.
      Банктің аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша жеңілдікті мөлшерлемелерге үміткер қатысушыларға қойылатын қосымша талаптар:
      қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде өтініш берілген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
      меншігіндегі тұрғын үйдің пайдалы ауданының мөлшері отбасының бір мүшесіне 15 ш.м. кем болған кезде қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар, еңбек етуге қабілетсіз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбек етуге қабілетсіз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналары – бірге тұрған жағдайда) тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігі.
       Қатысушыларды іріктеу тәртібі:
       тұрғын үйді сатып алушылар пулы хабарландыру жариялаған кезеңде Банк олардан өтініштер қабылдаған салымшылардан құрастырылады;
       Тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру (балл есептеу) Банктің уәкілетті органымен бекітілген Тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру және тұрғын үйді бөлу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.  (http://www.hcsbk.kz/27670 сілтемесі бойынша танысуға болады);
       тұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысу үшін төлем қабілеттілігін растамаған өтініш берушілер бойынша оларды кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алуға тұрғын үй сатып алушылардың пулына кіргізу үшін  төлем қабілеттілігін бағалау жүргізіледі (2013 ж. басталады).
      Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алуға тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
       өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;
      қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде өтініш берілген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
      тұрғын үйді жалға алу кезеңінде ақша жинақтау үшін төлем қабілеттілігін растау;
      өтініш бергенге дейін соңғы 6 ай ішіндегі отбасының ай сайынғы жиынтық таза кірісі ең төменгі күнкөріске қажетті шектің 15 еселенген мөлшерінен артық болмауы.
     Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алудың ерекшеліктері:
      ақша жинақтау мерзімі – 8 жылға дейін;
      кепілдік жарна – жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері;
      жинақтау кезеңіндегі жалдау төлемінің мөлшері – ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес;
      коммуналдық қызметтерді төлеу;
     3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару Банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын Әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.
     II. Кейіннен сатып алумен жалға алуға «Жас отбасы» санатына арналған баспана»
     Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
      өтініш беру сәтіне ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-дан аспауы;
      өтініш беру сәтіне тіркелген неке кезеңінің 2 жылдан кем болмауы;
      өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;
      ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
      соңғы 6 ай үшін жиынтық таза кіріс Алматы, Астана ққ. үшін – ең төменгі күнкөріске қажетті шектің 4 еселенген мөлшерін, қалған қалалар үшін - ең төменгі күнкөріске қажетті шектің 3 еселенген мөлшерін, ең жоғарысы -  ең төменгі күнкөріске қажетті шектің 12 еселенген мөлшерінен артық емес мөлшерді құрайды.
     Қатысушыларды іріктеу тәртібі:
      жас отбасылдарын іріктеуді және есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқару органы жүзеге асырады;
      іріктеуден өткендер төлем қабілеттілігін бағалау үшін Банкке жіберіледі;
      төлем қабілеттілігін растағандарды жергілікті атқару органдары балл жүйесі бойынша бағалайды және кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үй алуға тізімге кіргізеді.
      Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алу ерекшеліктері:
      ақша жинақтау мерзімі – 8 жылға дейін;
      кепілдік жарна – жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері;
      жинақтау кезеңіндегі жалдау төлемінің мөлшері – ш.м. үшін «0» теңге;
      коммуналдық қызметтерді төлеу;
      3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару Банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын Әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.
<br>
Ақпарат [мына сайттан][1] алынды.

  [1]: http://www.hcsbk.kz/31535
0 дауыс
Менин жасым 26 да уйленгениме 6 жыл болды 3 балам бар айелим жумыссыз маган тургын уйге женилдиктер барма. Тараз каласында турамын
...