+2 дауыс
474 көрілді
Тұрғын үй заемын алу құқығына ие болу үшін ай сайынғы жинақтау сомасын қалай есептеуге болады?

1 жауап

0 дауыс
Ақша жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна сомасын Сіз өзіңіз-ақ есептей аласыз:
Ақша жинақтау және тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы жарна шарттық соманың пайызы түрінде есептеледі.
Мысалы, шарттық сома – 1 000 000 теңге болған кезде
«Бастау» тарифі бойынша, Банк белгілеген ақша жинақтау бойынша ұсынылатын ай сайынғы жарна - 12 500 теңгені (1,25% * 1 000 000 теңге), тұрғын үй заемын өтеу бойынша – 8 000 теңгені (0,80% * 1 000 000 теңге) құрайды.

1* 2010  жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасаған 2005-2008 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін (республикалық бюджет қаражаттары есебінен заем алу үшін).
2* «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушылары үшін (25.06.2012ж. 8 Хаттамаға сәйкес шешім «Қолжетімді баспана– 2020» бағдарламасы бекітілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
<br>
Ақпарат [мына сайттан][1] алынды.


  [1]: http://www.hcsbk.kz/31535
...