+2 дауыс
1.6k көрілді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заемды қалай алуға болады?

1 жауап

0 дауыс
Тұрғын үй заемы - Салымшы таңдап алған тарифтік бағдарлама талаптарында берілетін тұрғын үй заемы Банктегі негізгі заем болып табылады (мәтін бойынша жоғарыдағы кестені қараңыз). Салымшымен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған сәттен бастап Банк өзіне келешекте тұрғын үй заемын беру талаптары туралы міндеттеме алады. Мұндайда, клиент жинақтау мерзімі ішінде Банктің мынадай негізгі талаптарын орындауы тиіс:
- 3 (үш) жылдан кем емес мерзім ішінде шарттық соманың 50%-ын жинау;
- тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есептеген тәртіпте бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау талаптарының сақталуы және ұзақтығы есепке алынады;
- салымшының қажетті тұрғын үй заемын қамтамасыз етуді беруі;
- заемшының тұрғын үй заемын өтеуге төлем қабілетін растауы.
Банк тіпті құнсыздану деңгейі немесе валюта бағамы өзгерген жағдайда да, тұрғын үй заемының талаптарын өздігінен өзгерте алмайды. Негізінде, қазіргі уақытта тұрғын үй заемдары құнсыздану деңгейінен төмен мөлшерлеме бойынша беріледі, мұның өзі Банк клиенттері үшін өте ыңғайлы. Бұл банктік заемдар бойынша Қазақстандағы ең төмен пайыздық мөлшерлемелер.

Алдын ала тұрғын үй заемы - Егер салымшы әлі қажетті соманы жинақтамаған болса, онда ол алдын ала тұрғын үй заемын пайдалана алады.
- Бұл заем оның берілу кезеңі ішінде әрекет ететін жеке талаптарда беріледі. Алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері:
- салымшы шарттық соманың 0-ден бастап 25%-на дейін ақша жинақтаған жағдайда, жылдық 11% (тиімді мөлшерлеме: 12,8 %-дан бастап);
- салымшы шарттық соманың 25%-нан артық ақша жинақтаған жағдайда, жылдық 10,5% (тиімді мөлшерлеме: 13,8 %-дан бастап) құрайды.
Алдын ала тұрғын үй заемын берудің қолданыстағы талаптарын Банктен нақтылап алу қажет.
Алдын ала тұрғын үй заемын пайдалану кезеңінде ай сайын ақша жинақтауды іске асыру/жалғастыру және бір мезгілде заемды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақыны төлеу қажет болады. Кейіннен тұрғын үй заемы аталған алдын ала тұрғын үй заемын өтеуге жұмсалуы мүмкін.

Аралық тұрғын үй заемы - Егер салымшы қажетті соманы (шарттық соманың 50%-ы) жинақтаса/бір мезгілде қажетті соманы (шарттық соманың 50%-ы) салса, бірақ шарт бойынша бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жетпеген болса (ұсынылатын ай сайынғы жарнаны сақтамаған жағдайда) немесе оның нәтижесінде тұрғын үй заемын алу құқығына қол жеткізілмеген жинақтауға қажетті заңмен шектелген ең төменгі 3 жыл мерзім өтпеген болса, салымшы аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады.   
Аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері:
- негізгі қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыра отырып (кейінге қалдыру 3 жылдан артық емес) («Жеңіл» кредит беру талабы) тек есептелген сыйақыны ай сайын төлеу талабымен жылдық 9,5 % (тиімді мөлшерлеме: 11,8 % бастап);
- есептелген сыйақыны ғана емес, негізгі қарызды да ай сайын төлеу талабымен жылдық 8,5 % (тиімді мөлшерлеме: 8,6 % бастап) құрайды.

Маңызды! Салық кодексінің 166-бабына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде алынған заемдар бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар қызметкердің табыс салығы ұсталатын кіріс сомасынан шегерілуі тиіс. Яғни, табыс салығы азаяды (бұл үшін заем шартының және төлем кестесінің көшірмелерін Сіздің кәсіпорынның  бухгалтериясына беріңіз).

Заем алу және оған қызмет көрсету бойынша іс-әрекеттердің талаптары, реттілігі

Заем алу үшін міндетті талаптар:
- өз атыңызға жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартының болуы (Банк салымшысы болу);
- тұрғын үй заемын алу үшін қажетті талаптарды орындау;
- төлем қабілеттілігін растау (салымшының ұсынылған ай сайынғы жинақтау сомаларын сақтауы тұрғын үй заемын алу үшін оның төлем қабілеттілігін растауы болып табылуы мүмкін);
- Банктің талаптары бойынша құны заем сомасынан артық кепілзат беру;
- комиссияларды төлеу (тұрғын үй заемдарын қоспағанда – тұрғын үй заемдарын бергені үшін комиссия төленбейді).

Заем алу және оған қызмет көрсету бойынша іс-әрекеттердің реттілігі:

1 қадам.  Банк менеджерінен кеңес алу. Кеңес беру кезінде кредит берудің барлық талаптары түсіндіріледі, алдын ала төлем қабілеттілігін есептеу іске асырылады, клиентке қажетті құжаттар тізбесі беріледі;
2 қадам. Кредиттік өтінім беру. Құжаттардың Банк талаптарына сәйкестігі тексерілген соң менеджер кредиттік өтінімді қабылдайды;
3 қадам. Кредиттік өтінімді Банктің Кредиттік комитетінің қарастыруы. Қарастыру мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні (клиенттің ескертулерді түзету кезеңінде қарастыру мерзімі тоқтатыла тұрады);
4 қадам. Өтеу кестесімен, кепіл шартымен және банктік ағымдық шот шартымен Банкпен жасалған заем шартына қол қою;
5 қадам. Кепіл шартын мемлекеттік тіркеуші органда тіркеуден өткізу;
6 қадам. Сақтандыру шартын (полисін) және Клиент кепілзаттық қамтамасыз ету есебінде берген мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын Банкке  беру;
7 қадам. Заем беру.

Кепілзатқа қойылатын талаптар
 Банк кепілзат ретінде мыналарды қабылдайды:
 1) Банктегі шотта тұрған заемшының немесе үшінші тұлғаның ақшалары;
2) меншік құқығында заемшыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік (жылжымайтын тұрғын мүлік, жер телімі).

Банк кепілзат мәні есебінде мыналарды қабылдамайтынына Сіздердің назарларыңызды аударамыз:
пайдалану мерзімі 50 жылдан артық мерзімді құрайтын тұрғын емес жылжымайтын мүлік, сондай-ақ тұрғын жылжымайтын мүлік (пайдалану мерзімі 50 жылдан артық мерзімді құрайтын, банктік заем шартының бүкіл қолданылу кезеңінде жоғалтудан (жойылудан) немесе бүлінуден сақтандырылған, жер телімі бар тұрғын жылжымайтын мүлікті қоспағанда);
       қаңқасы қамыс және балшықтан салынған тұрғын жылжымайтын мүлік;

Төлем қабілетін растау
Заемдар 6 айдан кем емес (соңғы жұмыс орнында соңғы 3 айдан кем емес) кезеңге еңбекақы туралы анықтама және жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді беру жолымен кірістерді растаған жағдайда беріледі.
Кірістердің жеткіліктілігін есептеу асырауындағы адамдардың санына, заемдар бойынша қаржылық міндеттемелердің, басқа да тұрақты шығыстардың болуына тәуелді түрде іске асырылады.
Тұрғын үй заемын берген кезде салымшының ұсынылған ай сайынғы жинақтарды сақтау фактісі оның кірістерінің жеткіліктілігінің растамасы болып табылуы мүмкін және төлем қабілеттілігін басқа да түрде растау талап етілмейді.
...